04 қазан 2016 16:47

Асхат Тарғын тойдағы төбелес жайлы: Асабаның балағаттағаны намысыма тиіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Свобода Слова/Видео кадрлары © Свобода Слова/Видео кадрлары

Әнші Асхат Тарғын жанжалдасқан асаба Айбек Қоңырбаевты сотқа бермейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Асхат Тарғын жанжалдасқан асаба Айбек Қоңырбаевты сотқа бермейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде Асхат Тарғынның бұл істі сот арқылы шешетіні жайлы пікірлер айтылған. Алайда орындаушы мұндай ойының болмағанын жеткізді.  

Әншінің айтуынша, асаба оны балағаттаған. "Ол мені балағаттады. Бұл менің намысыма тиіп кетті. Бірақ сотқа беру туралы ойым да болған жоқ, мұндай ұсақ-түйек дүниеге бола соттасып жатудың өзі артық, ер жігітпіз ғой, ер адам болғаннан кейін ондай дүниелер болып тұрады. Бас жарылып, көз шығып жатқан жағдай жоқ, сондықтан ол мені сотқа бермесе, мен оны сотқа тартпаймын", - деді Асхат Тарғын.

Асхат Тарғын асаба кешірім сұрап келсе, оған кешірім беруге де дайын екенін айтып отыр. "Ашуға беріліп кеткен шығармыз, ер адам болған соң қызбалық болған да шығар. Бірақ өзінікі дұрыс болмады, бірінші бастап итерді. Өз басым әлеуметтік желілердегі осы оқиға туралы пікірлерді оқып жүрмін, кейбірі тіпті мас болған дегенді айтыпты, бірақ мен ешқашан шылым да шекпегенмін, алкоголь де ішпегенмін", - деді ол.

Еске салайық, әнші Асхат Тарғын мен асаба Айбек Қоңырбаевтың тойдағы төбелесі түсірілген видео Желіде пайда болған еді. Бұдан кейін Асхат Тарғынмен төбелескен асаба жанжалдың неден шыққанын айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети