25 сәуір 2022 15:57

Гүлзира Айдарбекова "балаларыңның жанынан қалмайсың" деп сынағандарға жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

gulziraaidarbekova Instagram-парақшасынан gulziraaidarbekova Instagram-парақшасынан

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова "балаларыңның жанынан қалмайсың" деп сынағандарға үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова "балаларыңның жанынан қалмайсың" деп сынағандарға үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова жақында ғана шаңырақ көтерген ұлы Заңғар мен Жібекті ертіп, Ыстамбұлға барған болатын. Продюсердің өзі де, баласы мен келіні де Instagram-парақшаларында Түркияға сапар барысындағы сурет-видеоларын оқырмандарымен бөлісіп отырды.

Сурет gulziraaidarbekova Instagram-парақшасынан

Сондай-ақ, продюсер өзін сынаған оқырмандарына жауап беріп, жаңа іс бастағалы жүргенін айтты.

"Жақында Түркия еліне барған естеліктеріміз, лентамда сақталып тұра берсін деп салып қойып жатқаным ғой. Осы мамасы балаларының жанынан қалмайды екен деп біраз сынға алып тастап жатқандар да жоқ емес. "Анашым, сіздердің де еңбектеріңіз, бізбен демалысқа жүріңізші" деп қалса, "ел не дейді" деп уайымдап бітетін халге жеттім. Біреудің отбасын ойрандап, азаматымның өзге әйелінің балаларын пайдаланып жүргенім жоқ, Алла берген Нұрекең екеуміздің өз ұрпағымыз, енді қашып-пұшып, тығылып жүре алмаймын ғой. Балаларымызға бас-көз болып, бір тірліктің басын ашып берсек, ары қарай алып кетер деген ниетіміз, ата-аналық парызымыз. Олардың жеңісі - біздің жетістігіміз. Түркия еліне демалысқа барғанымыз жоқ, жұмыспен бардық. Алла қаласа ол жұмысымыз жайлы аз уақытта өздеріңізбен бөлісетін боламыз. Айлардың сұлтаны - Ораза айындағы тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын, ағайын!" - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Еске салайық, бұған дейін белгілі әнші Қайрат Нұртастың інісі әрі өзі AlZaBi тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген Заңғар Нұртас Instagram-парақшасында осы сапарда қалай қомақты ақшасынан айырылып қалғанын айтып берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети