1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

Қайрат Нұртас: Мен үшін алаңдап, дұға еткен әрбіріңізге Алла жақсылық берсін!

Қайрат Нұртас. © vk.com/kairatnurtascom Қайрат Нұртас. © vk.com/kairatnurtascom

Жол апатына ұшыраған Қайрат Нұртас қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті тыңдармандарым, тілекшілерім, мен үшін алаңдап, дұға еткен әрбіріңізге Алла жақсылық берсін! Аллаға сансыз шүкір, тағы бір қауіп-қатерден аман-есен алып қалған! Сіздердің ылғи да айтатын жақсы тілектеріңіз бен ақ баталарыңыз да себеп шығар! Сіздердей тілеулестерімнің барына сансыз шүкір! Әрқашан амандықта болыңыздар! Алла қаласа, бүгін КЕШКЕ ТУҒАН ЖЕРІМ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ТЫҢДАРМАНДАРЫМ, СІЗДЕРДІ ӨЗ КЕШІМДЕ КҮТЕМІН!", - деп жазды Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында.

 

Құрметті тыңдармандарым, тілекшілерім, мен үшін алаңдап, дұға еткен әрбіріңізге Алла жақсылық берсін! Аллаға сансыз шүкір, тағы бір қауіп-қатерден аман-есен алып қалған! Сіздердің ылғи да айтатын жақсы тілектеріңіз бен ақ баталарыңыз да себеп шығар! Сіздердей тілеулестерімнің барына сансыз шүкір! Әрқашан амандықта болыңыздар! Алла қаласа, бүгін КЕШКЕ ТУҒАН ЖЕРІМ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ТЫҢДАРМАНДАРЫМ, СІЗДЕРДІ ӨЗ КЕШІМДЕ КҮТЕМІН!

Фото опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)

 

Айта кетейік, әншінің жол апатына ұшырағаны бүгін белгілі болды. Осыған дейін әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жол-көлік оқиғасына түскен көліктің суретін жария еткен еді.