28 қыркүйек 2017 11:31

Қайрат Нұртастың әйелі: Аллаға шүкір екі ұл, екі қызымыз бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы жайлы жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Әбдікәрімова Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 


Қазақстандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы жайлы жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Әбдікәрімова Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Ең алғаш ана бақытын сезінген кезім. Қызымыз Сезім. Қайрат екеуміздің қуанышымызда шек жоқ,бірақ жас болдық, әке анамыз деп айтуға ыңғайсызданамыз. Өмір осылай жалғасын тауып қазір Аллаға шүкір екі ұл екі қызымыз бар. Бақытты отбасылардың қатарындамыз шүкір. Осының бәрі әуелі Алла, одан кейін қарапайым xалықтың арқасы, Қайратты көтерген шынайы жанашыр тыңдармандары. Сіздерге көп рақмет. Мен 10 жыл бойы көрінбей тығылып жүрмедім, уақыты келгенде көрсетерсің деп жүрдік. Ел Қайраттың үйленген-үйленбегенін нақты білмей қалды, Қайратқа деген, оның отбасына, шығармашылығына деген қызығушылық арта түскен сайын біз де өнеріне балта шаппайық деп тек тілекші болып келдік. (Айта берсек әңгіме көп, қалғанын келесі постта жазамын) Күтіңіздер. Жұлдыз Әбдікәрімова", - деп жазған ол баласымен түскен суретін жариялады. 


© instagram.com/zhuldyzabdikarymova 

Айта кетейік, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримова есімді келінінің барын растаған болатын. Ал таяуда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова түскен бейнебаян жарыққа шыққан еді.


Жұлдыз Өмірғали

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети