06 қыркүйек 2018 17:32

Қазақстандық тележүргізуші жарты жылда 35 келі салмақ тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/ospanovmurat © instagram/ospanovmurat

Қазақстандық белгілі тележүргізуші Мұрат Оспанов биыл ақпан айында арықтауды қолға алған. Жарты жылда ол 35 келіге арықтаған, бірақ ол мұнымен шектелмейтінін айтады. Жүргізуші Tengrinews.kz тілшісіне қалайша осындай нәтижеге қол жеткізгені жайлы айтып берді.


Қазақстандық белгілі тележүргізуші Мұрат Оспанов биыл ақпан айында арықтауды қолға алған. Жарты жылда ол 35 келіге арықтаған, бірақ ол мұнымен шектелмейтінін айтады. Жүргізуші Tengrinews.kz тілшісіне қалайша осындай нәтижеге қол жеткізгені жайлы айтып берді.

"Біріншіден, денсаулығымды дұрыстау үшін арықтауды шештім. Артық салмақ денсаулығыма әсер ете бастады. Өзімді жақсы сезінгім келді - физикалық тұрғыдан да, эстетикалық жағынан да. Бұрындары да салмақ түсіру қажеттігі жайлы ойлайтынмын. Бірақ күш-жігерім жетпейтін. Шоу-бизнес адамы болғандықтан, яғни, үнемі той, мерекелерге барғандықтан салмақ тастау қиын болды", - дейді Мұрат Оспанов.

Мұраттың айтуынша, оның ендігі мақсаты - жылдың соңына дейін 50 келі тастау.

"Яғни, тағы 15-20 келі тастау. Сонда менің салмағым шамамен 80-85 келі болады. Бұл мен үшін жеңіс болады. Әрі қарай сол салмақты сақтап жүруге тырысамын", - дейді жүргізуші.

"Диета ұстаған жоқпын. Тек тамақ ішу тәртібін өзгерттім. Нан және тәттілерден бас тарттым. Картопты мүлде жеген жоқпын. Суды көп ішемін - күніне 4 литр.

Сондай-ақ, физикалық жаттығулар жасай бастадым. Бастапқыда күндізгі сағат 3-тен кейін тамақ ішпей жүрдім. Бірақ қазір кешкі уақытта да аздап тамақтанып аламын", - дейді ол.

"Мұнда қасында адамдардың - достардың, туыстардың және әріптестердің моральдық қолдауы өте маңызды. Отбасыма көп алғыс айтқым келеді. (...) Достарым мен әріптестеріме де көп алғыс айтамын", - деді Мұрат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети