31 қазан 2018 08:40

"Мен алдандым". Әзілді көтере алмаған Ерке Есмахан жылап жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар" "Хабар"

Танымал қазақстандық әнші әрі актриса Ерке Есмахан "Хабар" телеарнасында шығатын "Қызық TIMES" бағдарламасында алданды. Оның видеосын шоу авторларының бірі Марат Оралғазин YouTube хостингіндегі арнасында жариялады.


Танымал қазақстандық әнші әрі актриса Ерке Есмахан "Хабар" телеарнасында шығатын "Қызық TIMES" бағдарламасында алданды. Оның видеосын шоу авторларының бірі Марат Оралғазин YouTube хостингіндегі арнасында жариялады.

Сценарийге сәйкес, көркем фильмнің шығуына екі күн қалғанда әнші Ерке Есмахан мен продюсер Гүлнұр Мамасарипованы картинаның дистрибьюторы Ерлан Бұхарбаев кездесуге шақырады.

Сөйтіп, Ерлан қыздарға фильмнің тұсаукесері болмайтынын айтады. Бұл хабарға таңғалған картинаның продюсері мен Гүлнұр Мамасарипова өз құлағына сенбей, аң-таң болып отырып қалады.

Мұның барлығы әзіл екенін және алданғанын түсінген Ерке жылап жіберіп, бағдарлама жүргізушілеріне жұдырығын ала жүгірген. Әншіні бірден сабасына түсіру мүмкін болмады. 

"Алло" және "Қайда" хит әндерін орындаушы Ерке Есмахан әлеуметтік желісіндегі парақшасында өмірде бірталай алданғанын, бірақ дәл мұндай жағдайда алданып көрмегенін жазды.  

"Осы күндердегі ең "жанды" жеріме келіп тиіскенде қатты күйзеліп кеттім. Өзімді ұстай алмадым. Тәртібім қызық боп көрінсе, кешірім сұраймын оқырмандардан... Мен мінсіз емеспін!", - деп жазды ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети