16 қыркүйек 2019 16:52

"Менен кешірім сұрағаны бар". Нұржан Керменбаев Жанар Хамитова жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұржан Керменбаев Instagram желісіндегі парақшасында отбасына тіл тигізбеуін сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Нұржан Керменбаев Instagram желісіндегі парақшасында отбасына тіл тигізбеуін сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Суық хабарды естіп жатырмыз. Иманды болғай. Артық әңгіме айтып, отбасыма тіл тигізбеулеріңізді сұраймын.
Кезінде "Арнау" дуэтінің экс солисті болғандықтан да маған көптеген смс,хаттар жолдануда. Сондықтан қоғамның алдында өз ойымды жазуды жөн көрдім. Нұржан сен ақша қарызсың, қайтар деп сайраңдап жүргендерге айтарым: бос сөз сөйлеп, өз бастарыңызға күнә жинамай-ақ қойыңыздар. Себебі Жанар екеуіміздің ортақ достарымыз бар. Сол кісілер арқылы Жанар менен кешірім сұрағаны бар. Мен Нұржанға жала жаптым, кешірім сұрашы менің атымнан деген еді. Қазіргі таңда мода болып кеткен хайп үшін айтқанын жеткізді. Сол ортақ достарымыз куә", - деп жазды Нұржан Керменбаев. 

Қазақстандық әнші, Жанар Хамитоваға реніші болмағанын айтады. 

"Менің Жанарға ренішім жоқ. Сондықтан кешірудің де орны жоқ деген болатынмын. Бос сөзге әуре болғанша өз өміріміздің де соңы бар екенін ұмытпайық. Бір-бірімізге жала жауып, ғайбат айтып, күнә жинағанша, өз өміріміздің де дәм-тұзы таусылатынын ұмытпайық ағайын. Шәкәрімнің сөздері осы кезде орынды болар: Біреудің мінін тергенше, жамандығын көргенше, өз ойыңды мазалап, өз бойыңды тазалап, өзіңмен күрес өлгенше...
Жанардың отбасына, ағайын-туыс, бауырларына қайғырып көңіл айтамыз. Жататын жері жайлы, топырағы торқа болғай", - деп түйіндеді әнші. 

Осыған дейін, "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы әнші Әбубәкір Ужазов (Әбу Кай) Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

Жанар Хамитованың дүниеден өткенін онымен бұрын бірге жұмыс істеген әнші Сиви Махмуди де растады. 

Айта кетейік, Жанар Хамитова шығармашылық карьерасын Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобында бастап, қазақстандық тыңдармандар арасында танымал болған еді. Бұған дейін ол Super Star KZ жобасына қатысқан болатын. 

Полиция Жанар Хамитованың қайтыс болуына байланысты тергеу жүргізіп жатыр

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети