28 қараша 2017 10:55

Мейрамбек Бесбаев өзі қазылық еткен байқауға айтылып жүрген сын пікірлерге жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/m_besbaev © instagram.com/m_besbaev

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев "Хабар" телеарнасындағы "Жұлдызды жекпе-жек" сайысы жайлы айтылып жүрген пікірлерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев "Хабар" телеарнасындағы "Жұлдызды жекпе-жек" сайысы жайлы айтылып жүрген пікірлерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Айтуынша, қазіргі уақытта "Жұлдызды жекпе-жек" сайысы туралы xалық арасында түрлі пікірлер тарап жатыр. 

"Құрметті ағайын! Қазір "Жұлдызды жекпе-жек" сайысына байланысты xалық арасында әртүрлі пікір бар екенін оқып жүрмін. Еліміздің ең таңдаулы әншілері қатысқан сайыс болған соң олай болуы заңды да. Себебі, сайысқа қатысушылардың барлығы өздерін дәлелдеген, өз тыңдармандарын қалыптастырған, өз жанкүйерлері бар танымал өнерпаздар. Олардың барлығы да менің жақын бауырларым. Ешқайсын бөліп-жармаймын. Олардың әрбірі үшін менің де жаным ауырады. Бірақ сайыс болған соң біреу озу керек, біреу қалу керек. Заңдылық солай. Жекпе-жектің сарапшыларына да қазақ эстрадасында өзіндік оны бар әншілер шақырылады. Егер олар сайысқа қатысушылардың жақсы қырларын байқап, айтып жатса оның несі айып?", - деп жазды Бесбаев.

Әншінің айтуынша, бұл сайыстың мақсаты өздерін бұдан бұрын дәлелдеп қойған әншілердің кемшілігін іздеу емес. Керісінше,xалыққа жанды дауыста өнер көрсетіп, эстетикалық ләззат сыйлау.

"Бұл сайыс формасында ұйымдастырылған ән өнерінің жәрмеңкесі десе де болады. Осы сайысты ұйымдастырғандағы ойымыз да өнерде жүрген бауырлардың бірлігін көрсету, ұлттық эстрадамыздың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу болатын. Сондықтан кім озса да қазақ озады, қазақ эстрадасы озады", - деді Мейрамбек Бесбаев.

Сондай-ақ, ол жазбасының соңында барлығын ауызбіршілікке шақырды.

"Жан-жаққа тартпай ауызбірлікте болайық! Сіздер менің бұл бастамамымды қолдайды деп сенемін. Әр қазақ - менің жалғызым! Баршаңызға Алла жар болсын!", - деп жазған Мейрамбек Бесбаев.

Айта кетейік, "Жұлдызды жекпе-жек" сайысына эстрада жұлдыздары қатысып, өзара жекпе-жекке шығады. Байқау шарты бойынша, әр жұп 3 талап бойынша өнер көрсетеді. Бірінші өз әндерін айтады. Одан кейін қарсыласының әнін орындайды. Үшінші кезеңде жобаның бас төрешісі Мейрамбек Бесбаевтың таңдаған туындысын айтады. Басты талап әншілер тікелей өз дауыстарымен, яғни фонограммасыз айтуы керек. 

Ал қатысушыларға дауыс беру жабық түрде өтеді. Бірақ соңғы кезеңге жеткен жұпқа көрермендер де өз дауысын бере алады.

Назарларыңызға Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің "жұлдызды жекпе-жегін" ұсынамыз:

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети