01 маусым 2022 13:10

"Сахнаға жолатпайтындай жасау керек". Шоу-бизнестегі даулар

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі кезде әншілердің концерттерінде түрлі оқиға болып жүр. Әлеуметтік желілерде бұл жағдайлар қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі шоу-бизнесте кейінгі кезде болған дауларға шолу жасап көрді. 


Кейінгі кезде әншілердің концерттерінде түрлі оқиға болып жүр. Әлеуметтік желілерде бұл жағдайлар қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі шоу-бизнесте кейінгі кезде болған дауларға шолу жасап көрді. 

Танымал өнер адамдарын дүр сілкінткен дау

25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ның концерті өткен болатын. Кейінірек Желі қолданушылары "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боғауыз сөз де айтып кеткен еді. Ал әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның Туын адамдарға лақтырып жіберген еді. 

"Тәп-тәуір жігіттер еді ғой. Сахналық мәдениет қайда кетті, жігіттер?", - делінген Aqparat kz Instagram-парақшасындағы жазбада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Өнер адамдары не дейді?

Әнші Нұрлан Албан Желідегі парақшасында топтың әрекетін сынады. 

"Дәл қазір миыма қан құйылайын деп отыр. Жалғыз менің қаным емес. Есі бар, бала тәрбиелеп отырған әрбір қазақтың шаңырағындағы ата-ананың, менен үлкен өнерде, басқа да қызмет саласында жүрген пенденің қаны қарайып отырғаны бәрімізге бесенеден белгілі. (...) Олардың не деп айтқанын айтуға аузым бармайды. Бала тәрбиелеп отырып, сол баланы қайтсем қазақыландырамыз, қайтсек соған ұлттық рухты сіңіреміз, қайтсек соның тәрбиесімен айналысамыз деп жатқанда, олардың көрсетіп жатқан үлесі мынау ма?! Үлгісі осы ма?!

...Мынаған тоқтау салатын құзырлы органдардан, жоғары шенді шенеуніктерден, министрліктен адам бар ма? (...) Тіпті қолына микрофон бермей, сахнаға жолатпайтындай жасау керек. Мынаған не дейсіздер? Жауап беретін адам бар ма, ағайын? ...Шарасыз күйде күн кешіп отырмыз ", - деді әнші жазбасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????????? ?????? ???????????? (@nurlanalban)

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Желідегі парақшасында топтың әрекетіне ашынып, жазба жариялады.

"Киелі Көк туымызды мына қасиетсіз уқалап, қол орамал қылды-ау… Аяққа таптап….Геннадий Головкин - ұлты өзге болса да, рингте ұлттық шапан киіп, Көк туымызды желбіретіп, талай көзімізге жас келтіріп, жүрегімізді тебірентіп еді!!! Көк ту - мемлекеттік рәміз!!! Оны қорлауға жол жоқ!! Заң бар. (...) кім өзі? (аспандағы жұлдыз болса да) жауапқа тартылуы керек! Видеомен кешірім сұрағандар кешірілмесін! Заң бойынша жазалансын!", - деді әнші.

Ал Мейрамбек Беспаев бұл әрекеттері үшін оларды қатаң жазалауды талап етті.

"Егемендігіміз бен елдігіміздің белгісі, Тәңірден тілеп алған тәуелсіздігімнің символы, қастерлі де қасиетті Көк ту сенің қадіріңе жете алмай жатырмыз-ау. Тоқ заманда туған жастар сахна төріне шығып, мемлекеттік рәмізімізді қорлап, аузына келгенін оттап, ойран салып жатыр. Осындай есерлік пен ессіздіктің сазайын беретін заң орындалуы тиіс. Мейлі ай бол, жұлдыз бол, кім болсаң ол бол біздің Көк туымызды қорлауға ешкімнің қақысы жоқ. Бұл бір "кешірім" сұрап құтыла салатын мәселе емес. Қатаң түрде жазасын алып, айыбын өтеуі тиіс", - деді ол.

Шенеуніктер де пікір білдірді

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болған концерттегі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол концертті NS group ЖШС ұйымдастырғанын атап өтті. 

"Алматы қаласындағы концерт кезінде болған оқиға қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Біздің білуімізше, концертті NS group ЖШС ұйымдастырған. Shiza лақап атын иеленген азаматтың Мемлекеттік туға қатысты әрекеті жіті тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталуы қажет. Концертте ішімдік ішілгендіктен мұндай әрекетке жол берілген деп ойлаймын. Жастар осы бір келеңсіз оқиғадан сабақ алып, қарапайым мәдениет пен этикетті меңгеруі қажет", - деді Мемлекеттік хатшы. 

Кешіруді сұрайтындар да бар

Кейінірек "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Алматыдағы концертте көрсеткен қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. 

"Соңғы жағдайдағы концертке тоқталғым келіп отыр. Өз басым баршаңыздан, қазақстандықтардан кешірім сұрағым келіп отыр. Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін. Мойындаймын. Бұл менен кеткен үлкен қате. Бұл мен үшін үлкен сабақ. Ендігі қайталанбайды деп уәде беремін сіздерге. Себебі біздің концерттерге тек жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай баласымен келетін жанұялар бар. Сондықтан баршаңыздан кешірім сұраймын. Жаман ниет, жаман ой ешқайсымызда болған емес. Кешіріңіздер", - деді Азамат Маркленов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ИРИНА КАЙРАТОВНА» (@irinakairatovna)

Танымал продюсер Жан Мұқанов "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі мен әнші Shiza-ны Алматыдағы концерттегі бейәдеп қылығы үшін біржолға кешіруді сұрады. Оның сөзінше, ИК мүшесі ресми түрде кешірім сұрады, тіпті мас болғанын мойындады. "Ал мұндайды көбі айта бермейді". 

Жан Мұқанов ИК әрдайым батыл жігіттер қатарынан болғанын айтты. Ол топты айыптап жатқан желі қолданушыларына "бәрі жас болғанын, жас кезде адам көп қателік жіберетінін және бұл адамдарды кінәлауға себеп емес" екенін айтты. 

"20 жылдық жұмысымда әртістердің 90 пайызын мас, бейәдеп сөздер айтқан, адекват емес күйде көрдім. Жұмыс күндері тақуаның маскасын киіп, демалыста бардан шықпайтындар аз емес", - дейді продюсер.

Жан Мұқанов ИК тобын тәжірибелі, өте танымал және керемет әртістер, ал Shiza-ны ньюсмейкер дей келе оларды кешіріп, әрі қарай жүрейік деді.

"Ал мұндай жағдай екінші рет қайталанса, мен мүмкіндігім жеткенше барлық әртісті барлық алаңнан алып тастаймын", - деді ол.

Тағы кім кешірім сұрады?

Әлеуметтік желілер Nurik Smit-тің Ақтөбедегі концертінен үзінділер тараған еді. Онда орындаушы концертіне келген аруға көзі түскенін айтып, оны жігіттерге көтергізеді. Сахнада бейәдеп қылық көрсеткен оны Желі қолданушылары сынаған болатын.

Кейінірек Nurik Smit лақап атымен танымал әнші Нұрғиса Әнуарбеков Ақтөбедегі концертінде көрсеткен бейәдеп қылығы мен сөзі үшін халықтан кешірім сұрады. 

"Менің есімім Нұрғиса. Мен қазіргі уақытта Ақтөбе тұрғындарынан және барша Қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен сахнаға ішімдік ішіп алып шыққаным үшін және сахнаға шығып балағат сөздер айтқаным үшін, өзімді дұрыс ұстамағаным үшін кешірім сұраймын. Мұндай іс екінші қайталанбайды, сіздерге сөз беремін.

Бәріміз пендеміз, бәріміз қателесеміз, бәріміз қателесіп өсеміз. Көп-көп рақмет", - деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurik Smit (@resmismit)

Концертте әншілерді сынаған көрермен: хайп па, пранк па?

Әлеуметтік желіде концерттердің бірінде көрермен сахнаға шығып, әнші Қабдолға ескерту жасағаны түсірілген видео тараған еді. Онда көрермен қазақтың ұлттық дәстүрі беташардың мәні жоғалғанын айтқан.

"Қазақтың өнерін өзгертуге қарсы азаматпын. Ешқашан өзгертпеңдер! Алдында бір тойда көрдім, бет аштың. Бұрынғы Біржан салдар бар, солардың әнімен неге ашпайсыңдар? Мына әнді өзгерте бер. Ал беташарды бұзбаңдар! Неше түрлі әнге саласыңдар. Жастарға қандай үлгі бересіңдер? Азаматтар, жас балалар өсіп келе жатыр. Қандай өнеге бересіңдер?", -  деді видеодағы адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zellokyzylorda | Кызылорда (@zellokyzylorda.kz)

19 мамырда Қабдол Instagram-парақшасында бұл жағдай пранк екенін айтқан. 

"Мен де енді білдім, сондай екенін десең. Кешіріңіздер!!! Бұл - пранк. ASSABA production жігітттері, достарымыз ұйымдастырған пранк. Ағамыз да қатты ойнатты. Мені қолдаған жандарға көп рақмет! Дұрыс айтты деген жандарға да рақмет! Бәрінді жақсы көрем. Интриганы өлтірем. Сынып қалды деп ойлап қалдыңдар ма?", - деген ол жазбасында.

Өнердегі сын-пікірлер

Белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялаған еді. 

Өнер иесі кейбір әріптестерінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына көңілі толмайтынын айтты.

"Бір кездері шегіртке деп кемсіткенде, өре түрегеліп айғай салдық. Ал менің өнердегі кейбір әріптессымақтарымның істеп жүргеніне қарасам, "енді шегіртке болмағанда, не болдық?" деген ой келеді. Қатарымдағы жасы елуге таяп қалған кейбір бауырларымның қылығы қарынды аштырады. Ырбың-жырбың, түкке тұрғысыз әңгіме, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан былапыт сөз. Елуде ел ағасы болып бата беретін жасқа келдіңдер ғой. Бүгінгі құлқынның құлы үшін сайқымазақ болып жүргендеріңді ертең қартайғанда немере-шөбереңе қалай түсіндіресің? Қай бетіңмен оларға ақыл айтасың? Олар сайқызмазақ, аузының дуасы жоқ шалды тыңдай ма? "Атан түйе құтырса жұт болады" - дейді әнші.

Бұл пікірді қолдаған өнердегі әріптестерінің қатарында Ақбота Керімбекова бар.

"Қадірлі ұлт жанашырлары! Белгілі өнер иесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов өте орынды мәселе көтеріп отыр! Біз, өнерін ластап көрмеген біздің талантты аға-апаларымыз оны толық қолдап отырмыз!

Расында, есер сөз, ессіз әзіл, есепсіз жындылық құндылықтарымызды күйретіп жатыр. Сөз жүйесіз, өнер иесіз кетті… Өскелең ұрпақ бұттан төмен әңгімелерді ән қылып айтып жүр… Әншейінде, қазақы әннің қалпын бұзбай келе жатқан әншілерді кекеткіш, мұқатқыш, сынағыш қоғам бұл кеселге бас ауыртар емес!.. Мұның бәріне тоқтам болатын тек заң!

Алдағы референдум Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда үлкен маңызға ие болып отыр. Сол науқан былапыт сөздерді өнерге, ғажайып қазақ әніне араластырудан жасқанбайтын, ұялмайтын топтарға тыйым болатын заңды қабылдап берсе, өнер адамдарының көкейін көптен күйретіп жүрген іс шешімін табатын еді!

Саналы көрермен, сарабдал тыңдарман бізге қосылады деп ойлаймын!", - деді әнші Ақбота Керімбекова Желіде.

Ал Дастан Оразбеков "1001 ТҮН" бағдарламасында Саят Медеуовтің осы сынына қатысты пікір білдіріп, тез танылуды ойлайтын әріптестеріне қатысты ойын айтқан еді. 

"Әрине, ол заман ағымы. Ол үшін интернетті алып тастау керек. Интернетсіз ондай нәрсе болмайтын еді. Қазір интернет болған соң одан да басқа дүние кең таралып жатыр.

Шегіртке дегені намысқа тиеді. Бірақ, ол баяғыда мектеп кезіндегі "жан-жақта ән айтып, түбінде баспанасыз, ештеңесіз далада қатып өлді" деген шегіртке туралы оқығанымыздан үйлестіруі ғой. Менің ойымша, санасы жетілген адам оны дұрыс түсіне алады. Санасы төмен адам шегіртке деп ойлайды. Ал хайп болып шығып кеткен жұлдыздар бірден сөніп қалады. Бәрін уақыт көрсетеді. Әрі қарай дамуы екіталай нәрсе", - деді Дастан Оразбеков.

Кино әлемінде қандай жаңалық бар?

Актриса Дариға Бадықова Желідегі парақшасында кино саласындағы әріптестері мен режиссерлерді сынап, жазба жариялады. 

"Әріптестер?! Біз осы қоғамға кері әсер беріп жатқан жоқпыз ба? Еркіндік дегенді басқаша түсініп алған жоқпыз ба? Өзіміз онсыз да еліктегіш, желөкпе халықпыз! Кейбір веб-сериалдар арқылы нені меңзеп, нені айтып, қандай насихат жүргізіп жүрміз? Әріптестер, бізде талғам болу керек қой?! Сценарийді таңдауымыз керек, режиссерді таңдауымыз керек, ролімізді таңдауымыз керек. "Танылып қалсам болды" деген нағыз өнер адамына келетін қылық емес. Ешқандай таңдаусыз түсе берсек, деңгей не болмақ? (...) Құрметті режиссер?! Қолыңызда камераңыз болса, командаңыз болса, боқтық сөздер аралас сценарийі болса, сериал түсіре бересіз бе?! Талғам деңгей жоқ па?! Анау сериалдардың ешқайсында шиеленіс, оқиға шарықтау шек, оқиға жоқ! Әке-шешеңнің, бала-шағаңның қасында отырып көре алмайсың, мен сізге айтайын!" - дейді Дариға Бадықова.⠀

Танымал өнер адамының отбасындағы жағдай

Белгілі әнші Ғазизхан Шекербеков өмірінде әйелін ұрмақ болған кездер өткенін айтты. Ол бұл туралы Talk like бағдарламасындағы сұхбатында айтты.

"Қол көтермек болған кездер болды. Басында еркек деген осындай болу керек екен деп, еркектің образын таппай жүрген кездерде сондай сәттер болды. Ұру дұрыс емес екенін түсінгеннен кейін "Еркекпін" әні шықты. Бала кезіміздегі ағаларымызға қарап, дұрыс екен деп ойладық. Ағаларымыз еркек болып, әйелін боқтап жүрген кездерді көргенде, "ағамыз еркек, әйеліне берілмейді" деп ойладық", - дейді ол.

"Мына жақта масқара болып жатыр". Шоу-бизнестегі даулар

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети