01 тамыз 2016 13:40

Санжар Мәдиев қызды болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санжар мен Мөлдір. Жеке мұрағаттан алынған сурет Санжар мен Мөлдір. Жеке мұрағаттан алынған сурет

Қазақстандық танымал актер Санжар Мәдиев әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал актер Санжар Мәдиев әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 жастағы актер қызды болды. "Мен не жазайын деп ұзақ ойландым. Содан былай жазуды шештім: менің өмірім енді бұрынғыдай болмайды. Себебі, енді менің өмірімде қызым пайда болды. Мен әке атандым. Қызымды әрдайым қорғайтын боламын. Әрқашан оның жанында боламын! Сен маған сене аласың! Сен - менің өмірімсің! Алланың маған және жұбайыма ұқсатып берген сыйы үшін рақмет", - деп жазды актер.

Санжар Мәдиев пен оның сүйіктісі Мөлдір 2014 жылдың қарашасында отау құрған болатын. Оның таңдауы екі жыл көңіл қосып жүрген 28 жастағы Мөлдір есімді қызға түскен.

Айта кетейік, Санжар Мәдиев Қарлығаш Мұхамеджанова мен Әнуар Нүрпейісовпен Фархат Шариповтың "Сказ о розовом зайце" фильміне түскеннен кейін танымал бола бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети