25 мамыр 2022 11:36

"Сіздерді уайымдаймын". Жұлдыз Әбдікәрімова Желідегі оқырмандарын сақ болуға шақырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

zhuldyzabdukarimovaofficial Instagram-парақшасынан zhuldyzabdukarimovaofficial Instagram-парақшасынан

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Желідегі парақшасында алаяқтар хабарласып, жеке деректерін сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Желідегі парақшасында алаяқтар хабарласып, жеке деректерін сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұлдыздың айтуынша, алаяқтар органнан хабарласып тұрмыз деп алдағысы келген.

"Күлетін жағдай емес, бірақ басқа есім таппағандай Лев Левшенко деген біреу хабарласты. Алаяқтар хабарласып, бүкіл жеке деректерімді сұрады. "Сіздің атыңыздан, шотыңыздан ақшаңызды ұрлағалы жатыр. Біз органнан хабарласып тұрмыз, жеке деректеріңізді берсеңіз" деді. Әрине, оған сенген жоқпын. "Мен туралы толық ақпарат айтыңыз" деп талап еттім. Айта алмады, сондықтан телефонды қоя салдым. Қымбатты оқырмандарым, сіздерді уайымдаймын", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыздың жаңа клипі қызу талқыға түскен болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети