23 мамыр 2022 14:20

Танымал әнші Қуандық Рахым әке атанды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

rakhym_kuandyk.kz Instagram-парақшасынан rakhym_kuandyk.kz Instagram-парақшасынан

Танымал эстрада әншісі Қуандық Рахым қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал эстрада әншісі Қуандық Рахым қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші 2020 жылы шаңырақ көтерген еді. Бұл туралы Қуандық Рахым Желідегі парақшасында айтқан болатын.

"Салт-дәстүрімізге сай үлкендердің батасын алдық! Не керек, "...Мен ұрлық жасаған түні ай жарық" болды. (Арғы жағын өздеріңіз түсініп отырсыздар ғой.) Қуанышымды бөлісіп жатқан барша жанға, игі жақсыға алғыс айтамын!" - деген еді ол.

Сурет: rakhym_kuandyk.kz Instagram-парақшасынан

Биыл олардың шаңырақтарында тағы да қуанышты жаңалық. Әнші Желіде солтүстік өңірде гастрольдік сапарда жүруіне байланысты баласына әлі бармағанын жазды.

"Баламды көрмей тұрып сіздерге келдім, Көкшетау, Петропавл, Қостанай", - деді әнші.

Сурет: rakhym_kuandyk.kz Instagram-парақшасынан 

Өнердегі әріптестері оның қуанышына ортақтасып, тілектерін білдіріп жатыр.

"Кука, Жарқанат! Қызыңның бауы берік болсын. Құттықтаймын! Ата-ана болуларыңмен! Бір тойыңа қызмет етерім бар, бұйырса! Есіңде ғой?!" деді әнші Ерке Есмахан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети