17 қаңтар 2023 09:22

Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы Данил Васильев 2023 жылғы Универсиадада алтын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық спортшы Данил Васильев 2023 жылғы Универсиадада алтын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данил Васильев 257,3 ұпаймен қалыпты трамплинде екі шаңғымен секіру бойынша үздік атанды. Ол австриялық екі қарсыласы - Максимилиан Линчерді (екінші раундта Васильевтен озып кетті) және Тимон Паскаль Кахоферді жеңді.

Үздік ондыққа тағы екі қазақстандық - Сергей Ткаченко мен Никита Девяткин кірді.

Еске салайық, 15 қаңтарда Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түскен болатын.

Биатлонда Қазақстан атынан 15 шақырымға жеке жарыста төрт спортшы қатысты: Александр Мухин, Вадим Куралес, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков. Бірінші болып Вадим Куралес өтті. Оның нәтижесі - 42 минут 37,4 секунд және ату кезінде бір ғана сырғанау. Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети