18 қазан 2021 14:02

Вагнер Лав "Қайраттан" кетеді деген қауесетке жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ФК "Қайрат" ©ФК "Қайрат"

"Қайрат" командасының шабуылшысы Вагнер Лав Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында оның алматылық клубпен келісімшарты ұзартыла ма, жоқ па, соны түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


"Қайрат" командасының шабуылшысы Вагнер Лав Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында оның алматылық клубпен келісімшарты ұзартыла ма, жоқ па, соны түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін шабуылшының "Қайраттан" кеткені туралы қауесет тараған болатын, осы аралықта Вагнер "Ақтөбе" командасымен сырт алаңдағы матчты өткізіп алды. Бұл маусым Лав үшін алматылық клубтағы соңғы маусым болатыны хабарланды.

"Бүгінге дейін біз бұл туралы сөйлескен жоқпыз. Менің бар ойым тобықтан алған жарақатымнан тез айығып, ойынға оралу. Бізді алда маңызды ойындар күтіп тұр.

Жаттықтырушы боласың ба? Бұл туралы ойланған жоқпын, өйткені әлі бірнеше жыл ойнағым келеді. Мен өзімді жақсы сезінемін. Қазіргі уақытта мені жаттықтырушы болу қызықтырмайды", - деді бразилиялық шабуылшы.

Еске салайық, осы маусымда бразилиялық шабуылшы CPL-дің 20 матчында жеті гол, алты нәтижелі пас берді, сонымен қатар Суперкубок пен Қазақстан кубогында төрт матч (1 гол, 2 нәтижелі пас) және еурокубок науқанында он ойын өткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети