21 қараша 2020 11:00

"Адамдар, қараңдар": құлынды көлігімен тасыған астаналық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны құлынды көлігімен тасыған. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны құлынды көлігімен тасыған. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлікте құлынды тасып келе жатқан үш ер адам отыр.

"Адамдар, қараңдар. Астана қаласы. Кез келген қала арасы, үй жануары, ешқандай жылқы тасығышсыз, ГАЗелсіз", - дейді жүргізуші.  

Ескерту! Бейәдеп лексика

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тексеріс барысында видео авторы ұсталғанын хабарлады. Ол - Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны. 

"Оның айтуынша, құлынды Ақмола облысындағы ауданның бірінен сатып алған. Ол құлынды тасуға кететін ақшаны үнемдеу мақсатында ВАЗ-2110 маркалы көлігінің салонында тасып, Қызылсуат аулына барған. Жүргізушінің сөзінше, видеоны отбасылық чатқа әзілдеп жіберген", - дейді полиция өкілдері.    

Аталған дерек бойынша, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, материал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети