13 наурыз 2019 09:37

Алматыдағы алып тиіннің тағдыры сәуірде шешіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Алматыдағы алып тиіннің тағдыры сәуір айында шешілетін болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Алматыдағы алып тиіннің тағдыры сәуір айында шешілетін болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Наурыз мерекесінде алып тиіннің жанында түрлі жәрмеңкелер мен шеберлік сыныптары өтеді. Сондай-ақ, қала тұрғындары ұлттық тағамдардан дәм татып, кешкі сағат 9-да арнайы отшашуды тамашалай алады.

"Суретшінің мақсаты - арт-нысанды сабаннан жасау арқылы қаламыздағы экологиялық жағдайды, ауаның қаншалықты лас екенін көрсету еді. Өздеріңіз де көріп тұрғандай, қоршаған ортаның әсерінен тиіннің қалай өзгергенін аңғаруға болады. Тиін аз уақыт ішінде көпшіліктің сүйікті мүсініне айналып үлгерді. Оның айналасының өзі жаңа кейіпке еніп, халық көп жиналатын орынға айналды. Біз бұл жердің бұдан кейін де тұрғындардың демалатын орны болып қалғанын қалаймыз", - деді Nowryz Рarty фестивалінің жетекшісі Алеся Нугаева.

Алматыға тиінді көру үшін келіп жатқандар көп - Байбек

Телеарнадағылардың айтуынша, биіктігі 4 қабатты үймен бірдей тиінді жасауға 15 тонна темір мен болат, 3 тонна ағаш және 3 тонна сабан жұмсалған. Жоба авторы - ұлыбританиялық суретші Алекс Ринслер өзінің мұндай өнер туындыларын уақыты келгенде өртеп жібереді екен. Бұл жолы мүсін қала ортасында орналасқандықтан, автор оны өртемеймін деп шешіпті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети