04 маусым 2014 14:21

Алматылық блогерлер ҰБТ тапсырып көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Игорь Заритовский ©Игорь Заритовский

Алматылық 11 блогер өз білімдерін тексермек болып, ҰБТ-ның арнайы ұйымдастырылған түрін тапсырып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сынақ Каспий университетінде 3 маусым күні өтті.


Алматылық 11 блогер өз білімдерін тексермек болып, ҰБТ-ның арнайы ұйымдастырылған түрін тапсырып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сынақ Каспий университетінде 3 маусым күні өтті.

Акцияға түрлі жас шамасындағы және түрлі мамандықтағы блогерлер қатысты. Бірі мектепті ҰБТ болмаған уақытта тәмамдаса, енді бірі ҰБТ-ны тапсырып көрген. Блогерлер Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің талапкерлермен бірге ҰБТ тапсырып көргені туралы хабарды естігеннен кейін осындай тәжірибеге баруды ұйғарған. 

Сынақ нәтижесі бойынша блогерлердің бесеуі шектік балды иеленді, яғни  50 балдан жоғары көрсеткішке (қазақ тілін есептемегенде) қол жеткізді. Тест тапсырушылардың алтауы шектік деңгейден сәл төмен балл алды. "Адамдардың мүлдем дайындалмағанын ескеру керек, олар оқулықтарды бір күн ғана қарап шықты, бірақ сынақ тапсыру үшін бұл жеткілікті болды деп ойлаймын", - дейді блогер Яков Федоров.

Блогерлер өздері таңдаған бейінді пәндері (көбі география пәнін таңдаған) бойынша жоғары балл жинады, Қазақстан тарихы мен орыс тілінен көрсеткіштері тәуір болды. Олардың көбі математикадан қиналды. ҰБТ тапсырған блогерлердің көрсеткіштері мынадай: Самсон Безмятежный (68 баллов), Яков Федоров (75), Әсел Мұқашева (78), Ерлан Қасымов (66), Марат Шәкен (71), Динара Исабекова (64), Олжас Салмұрза (47), Владимир Лукашов (46), Манарбек Әбенов (59), Нұрәли Әйтеленов (30) и Шәкір Исламбакиев (57).

Яков Федоровтың айтуынша, блогерлер қате және қажетсіз сұрақтарға тап болған. "Мысалы, маған Франциядағы туу көрсеткішін немесе Қазақстанның солтүстігінде шілдеде болатын орташа температураны білудің не қажеті бар? Мұның біз үшін байқау түріндегі сынақ болғаны түсінікті, бірақ 2004 жылдан бастап орынсыз сұрақтар тесттен алынады деп еді ғой. Бұл мәселені шешу үшін 2-3 жыл жеткілікті. Бірақ ҰБТ-ға 10 жыл болды. Біз ғана емес, мұндай сұрақтарға ҰБТ тапсырушылардың өзі де шағымданып жүр, бұл оқу әдістемесінде олқылық бар екенін байқатады", - дейді блогер.

Еске салайық, Қазақстанда ҰБТ тапсыру 2 маусым күні басталған еді. Оған 92 077 түлек қатысады. Ең жоғарғы 125 балды алғаш болып, алматылық Айғаным Әбдіжапар иеленді. Екі күн ішінде 10 мыңнан астам мектеп бітіруші сынақтан өте алмады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети