03 қаңтар 2015 12:41

Баян Есентаеваның Instagram-дағы аккаунты бұзылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©instagram.com/yessentayeva_official ©instagram.com/yessentayeva_official

Баян Есентаеваның Instagram-дағы аккаунты бұзылды. Бұл туралы 2 қаңтарда Есентаеваның өзі Twitter-дегі парақшасы мен Instagram-дағы жаңа парақшасы - @bayanyessentayevanew арқылы хабарлады. 


Баян Есентаеваның Instagram-дағы аккаунты бұзылды. Бұл туралы 2 қаңтарда Есентаеваның өзі Twitter-дегі парақшасы мен Instagram-дағы жаңа парақшасы - @bayanyessentayevanew арқылы хабарлады. 

"Құрметті достар! Менің Instagram-ымды бұзды! Дұшпандарға рақмет, сіздердің нені көздегендеріңізді түсінбедім. Кез келген жағдайда болмаған істің түбі қайырлы болады! Менің парақшама 2015 жылы қош келдіңіздер. Менің 440 мың жазылушым өзіме қайтып келеді, деп үміттенемін!", - деп жазды тележүргізуші.

Продюсердің ескі yessentayeva_official парақшасына жаңалықтар жазылып жатқанда суреттер өшіп, парақша ASEMA.OFFICIAL деген атқа ауысып кеткен.

"Бұл менің жазылушыларым! Әсем сен суперсің!!! Өзгенікі сенікі бола алмайды! Жазылудан бас тартыңдар, достар!", - деп жазды кейін Есентаева.

Есентаеваның парақшасын кім және не үшін бұзғаны белгісіз, Әсем деген кім екені де беймәлім. Пікір жазғандардың ойынша, ол жаңа музыкалық топтың кастингінен өте алмай қалған қыздардың бірі немесе Есентаеваға өкпелі табынушылардың бірі болуы мүмкін.

Айта кетейік, Баян Есентаеваның Instagram-дағы парақшасы қазақстандық жұлдыздардың арасындағы ең атақтылардың бірі. Оның жазылушалырының саны жарты миллионға жақындаған болатын.

Еске сала кетейік, жақында ғана Баян Есентаева 2015 жылы тағы бір шығармашылық жобаны жүзеге асырамын, сол үшін Жаңа жылдан кейін кастинг ұйымдастырамын, - деп Instagram-дағы парақшасына жариялаған болатын. "Көріктілер! Таланттылар! Сымбаттылар! Жезтаңдайлар! Жақында кастинг өткіземін! Екі адамның арманын жүзеге асыруына мүмкін бар! "Мен кез келген адамды жұлдызға айналдыра аламын, бірақ енді түңілгім келмейді! Өзін ең атақтылардың орнына лайықтымын деп есептейтіндерді ғана күтемін!!! Демалыстан мол күш жинап, сергіп алып, сіздерді күтетін боламын!!!", - деп жазды ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети