09 шілде 2015 13:15

Интернетте Әлима Назарбаева түскен ролик пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Интернетте Әлима Назарбаева түскен видео пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.


Интернетте Әлима Назарбаева түскен видео пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

SNC Kazakhstan басылымы 11 қазақстандық трендсеттер қыз қатысқан жарнама ролигін түсірді. Бұл термин сән индустриясы, мәдениет, спорт пен бизнес саласында қолданылады. Трендсеттер деп қандай да бір идеяны басқалардан бұрын ұсынғандарды айтады. Жарнамаға түскен трендсеттер қыздардың ішінде 22 жастағы өнертанушы Әлима Назарбаева да бар.

Әлима Лондондағы Кортолд мәдениет университетін мәдениеттану мамандығы бойынша бітірген, қазір ол "Астана" Ұлттық картиналар галереясында куратор қызметін атқарады. 

Еске сала кетейік, осы басылымға биыл мамыр айында Қазақстан Президентінің немересі Айсұлтан Назарбаевтың әйелі Әлиманың берген сұхбаты шыққан болатын. Ол сұхбат барысында алғаш рет өзі туралы, қызығушылықтары мен жоспарларын айтты.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети