11 наурыз 2021 15:29

Иттерді өлтіріп, өртегендер ақтөбеліктердің ашуына тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Ақтөбеде иттерді өртеп жатқан сәт видеоға түсірілді. Жануарларға деген қастандық зооқорғаушылардың ашуына тиді. Себебі қалада жануарларды атуға тыйым салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде иттерді өртеп жатқан сәт видеоға түсірілді. Жануарларға деген қастандық зооқорғаушылардың ашуына тиді. Себебі қалада жануарларды атуға тыйым салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Желіде пайда болған. Ролик авторы, "ЗООмама" бірлестігінің басшысы Рабиға Сисенғалиева Ақтөбеде иттер мен мысықтардың өртеніп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. 

"4 наурызда жануарларға арналған жеке жануарлар үйіне бардым. Қалалық ветқызмет жануарлар үйімен уақытша келісім жасасқан, алайда оның уақыты біткен. Жануарлар ұйықтап жатқан жоқ, олар өлі жатты. Ол жерде шынжырланған иттер, мысықтар мен күшіктер жатты. Қалалық ветеринарлық қызметтің басшысының орынбасары олар зиян келтіргенін айтқан. Бірақ титтей күшіктер мен мысықтар қандай зиян келтіруі мүмкін? Оларды жай ғана өлтіре салған", - дейді Рабиға Сисенғалиева. 

Зооқорғаушы итті жеке ветеринарлық ауруханаға алып кеткен. Оның сөзінше, иттің денесін тілу кезінде жануар өлтірілгені анықталған. 

"Дәрігердің алдын ала диагнозы бойынша, улану екенін анықталды, ол сот-медициналық сараптама емес. Қаңтарда жануарларды атуға тыйым салынған, бұл туралы әкімнің өзі айтқан болатын. Жануарларды жинап, уақытша изоляторда ұстау керек. Өкінішке қарай, біздің қаламызда бір проблема бар: оларды аулау бар, оларды жою бар, ал екеуінің арасындағы уақытша изолятор жоқ. Әлі күнге дейін бұл мәселе шешілмей келеді", - дейді зооқорғаушы. 

Ал Ақтөбенің ветеринарлық станциясы қалада расында жануарларды атуға тыйым салынғанын айтты. 

"Ақтөбеде атуға тыйым салынған, ал аулауға болады. Биыл біз уақытша баспанамен келісім жасадық, ауланғаннан кейін жануарларды сол жерге апарамыз. Олар 20 күндей сол жерде болады. Егер иесі табылмаса, өлтіріледі. Егер жануарлар халыққа қауіп төндірсе бірден өлтіріледі. Иттер мен мысықтарды кремациялау жануарлар үйінде өтеді", - деді қалалық ветеринарлық станция өкілдері.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети