1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Желіде Тоқаевтың бұрын-соңды жарияланбаған суреттері пайда болды20 сәуір 2019, 17:00

YouTube хостингіндегі Toqayev Team арнасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрын-соңды жарияланбаған кадрлары көрсетілген қысқа бейнеролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеодан Қасым-Жомарт Тоқаевтың бала және жасөспірім кезіндегі суреттерін, сондай-ақ, оның алғашқы шетелге барған сапарынан кадрлар көруге болады. 

Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген еді. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін айтып өтті.

20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, Қазақстан Президенті міндетіне кіріскен болатын.