18 мамыр 2015 14:03

Қазақ әже Facebook жұлдызына айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook әлеуметтік желісінен Facebook әлеуметтік желісінен

Facebook әлеуметтік желісінде саяхатшы әже жұлдыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Facebook әлеуметтік желісінде саяхатшы әже жұлдыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

80 жастағы әже әлемнің әр түкпірін аралап, өзі болған жерлердегі маңызды орындарда немерелерімен және балаларымен бірге суретке түседі. Оның немересі әжесінің Fashion park-те түскен суретін жарялады. "80 жаста! Лондон, Тайланд, Франция, Испания... Ол Диснейлендтің барлық әткеншегіне мініп көрді! Бұл менің әжем!", - деп жазды немересі. Бірнеше сағатта суретті 1300 адам ұнатып, 430 адам өз парақшасы арқылы бөлісті. Facebook қолданушылары әжейдің басқа саяхаттары туралы толығырақ білгісі келетінін жазып жатыр.

Tengrinews.kz тілшісі әжеге хабарласып, қызықты сапарлары туралы толығырақ сұрады. "Мен алғаш рет 79 жасымда Лондонға бардым. Немерелерім мені баруға көндірді, алғашында қорыққанмын. Бірақ ұшақта өзімді жақсы сезіндім, - деді 80 жастағы Лена Тоқсанбаева. - Біз өзімізбен бірге қазы-қарта алып кеттік, сондықтан тамақ жөнінен қиналған жоқпыз. Олардың да тамағы ұнады. Кейін балаларыммен Тайландқа барып демалдық. Мен олардың тілін түсінбеймін ғой, олар маған өз тілінде бірдеңе айтты, мен қазақша жауап бердім. Олардың шыбын-шіркейін жеген жоқпын. Мен тек сорпа ғана іштім", - деді әжей.

Оның немересі Айдын Тоқсанбаева әжесін жоғалтып алған сәті туралы айтып берді. "Бір күні біз жағажайда жатқан әжемізді жоғалтып алдық. Қорқып кетіп көршілерімізден сұрай бастадық. Оның суға түсуге кеткенін кейін білдік. Ол шомылғанды жақсы көреді", - деді Айдын.

Оның немересінің айтуынша, әжей ешқашан шаршамайды. Күні бойы жүргеннен кейін ол бірден ұйықтап қалады екен. "Ол барлығына үлгеруге тырысты. Диснейленд әткеншегіне отырғанда да ол қорыққан жоқ. Бізбен бірге кезекте тұрған америкалық отбасы үлкен адамға әткеншекке отыру қауіпті екенін айтты. Бірақ әжем қорыққан жоқ", - деді Айдын.

Әже ұлымен бірге Луврде

80 жастағы әже барлық жерге қазақтың ұлттық киімін киіп барады. Әжейдің немересінің айтуынша, ол отбасымен бірге қыдырғанды жақсы көреді. "Біздің саяхатымыздың ақшасын әкем төлейді. Біз ақшаны үнемдеуге тырысамыз. Келесі жылы әжем Меккеге баруды жоспарлап отыр. Барлығы дұрыс болады деп үміттенемін", - деді немересі.

Париждегі Эйфель мұнарасы жанында

Тайландтағы Rayban-да

Немересі Айдын Тоқсанбаевамен бірге

Диснейлендте әткеншек кезегінде

Барселонада

Лондонда

Тайландтағы хайуанаттар бағында

Әжей таяқшамен суши жеп отыр

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети