НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

"Көріпкелдерге де бардық". Орал тұрғыны үш жыл бұрын жоғалған ұлын іздеп жүр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© elements.envato.com © elements.envato.com

Оралда ер адам үш жыл бұрын жоғалған ұлын іздестіріп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Надежда" газетіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралда ер адам үш жыл бұрын жоғалған ұлын іздестіріп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Надежда" газетіне сілтеме жасап.

38 жастағы Аслан Бауенов 2019 жылдың 12 қыркүйегінде үйінен шығып, оралмаған. Әкесі ұлын тірі және сау деген ойдан үміт үзбейді.

Нәжмеден Бауеновтің айтуынша, ұлының екі жоғары білімі бар, шахматтан спорт шеберлігіне кандидат, өте сабырлы адам.

"Біз Асланды 13 қыркүйекте Подстепное ауылында көрген куәгерлерді таптық, ол өзінің туған жері Сырым ауданына қайтып, сол жерде егіншілікпен айналысқысы келетінін айтқан. 14 қыркүйекке дейін барған жерін анықтадық. Жымпиты арқылы Талдыбұлақ ауылына барған. Одан кейін Александровка ауылында оны Алатауға қарай басқа көлік жеткізіп тастаған. Бірақ ол жерде қалмай, 14 қыркүйекте басқа көлікпен кеткен. Оны соңғы рет сол күні түскі ас ішкен "Сапар" кафесінде көрген. Содан кейін ол жоғалып кетті. Біз оның ізін таппадық. Ешкіммен араласпайды. Біз полицияға, түрлі БАҚ-қа, телебағдарламаларға хабарластық. Тіпті көріпкелдерге де бардық. Олар "ұлың үйленді" дейді. Үш жылдан кейін, әрине, бәрі мүмкін. Бірақ жоғалған кезде ол бойдақ, ешкіммен кездеспейтін және шаруа қожалығымен айналысқысы келген", - дейді ер адам.

Жоғалған адамның белгілері: бойы – 175 см, шашы қара, арық денелі, оң жақ қасында кішкентай мең бар. Ақ бас киім, көк джинсы, ақ кроссовка, сұр күртеше киген.

Аслан Бауеновті көрген-білгендер болса, 8-775-412-79-84 немесе 8-771-565-10-92 телефондарына хабарласа алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer