"Мен сені сүйемін". Ер адам екі жыл бұрын қайтыс болған әйелінен хат алып тұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© life.ru © life.ru

Англия тұрғыны Крис Поинтон екі жыл бұрын қайтыс болған әйелінен хат алып тұрады, деп жазады life.ru.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Англия тұрғыны Крис Поинтон екі жыл бұрын қайтыс болған әйелінен хат алып тұрады, деп жазады life.ru.

Порталдың мәліметінше, Кристің марқұм жұбайы Кейт ол 65 жасқа келгенше алып тұруы үшін 27 құттықтау хатын жазып, қалдырған.

"Уэст-Йоркширде тұратын Кейт Грейнджер мен Крис Поинтонның хикаясы "P.S. Мен сені сүйемін" деген фильм сияқты, бірақ, өкінішке қарай, телеэкраннан көрсетілмеген. Кейт бес жыл бойы обырдың сирек кездесетін түрімен күрескен, ақыры, дерт оны жеңді... 34 жастағы әйел 2016 жылы көз жұмған, сол жылы бұл жұп үйленгендеріне 11 жыл толуын атап өтпекші болыпты", - делінген жарияланымда.

Бірақ Кейт өлер алдында жолдасына тосын сый әзірлеу туралы ойлайды. Ол оның алдағы 27 туған күніне арнап, құттықтау ашық хаттарын қалдырған. Енді Крис 65 жасқа толғанша, әр туған күнінде әйелінің жылы лебіздері жазылған хатты алып отырады. Оның айтуынша, әйелінің бұл тосын сыйы өмірін одан әрі бақытты ете түседі.

"Менің қымбаттым, Шалтай-Болтай,

енді міне, сен 40 жастасың, көріктім. Шаштарыңның барлығы түсіп қалған жоқ па?!? Мен сені сүйемін және мәңгі сүйетін боламын. Өте қатты"

Кристің 40 жасына құттықтау

Ашық хаттар салынған қорап Кейттің төсегінің астынан табылған. Ол қорапта ашық хаттардан бөлек тағы бір хат болыпты, оған өзін жерлеу рәсімінің қалай өтуі тиіс екенін жазған.

Кейт өзінің дерті жайында 2011 жылы, жолдасымен Калифорнияда қыдырып жүргенде білген. Әйелдің арқасы қатты ауырып, кейін саркоманың белгісі екені анықталды. 2013 жылы операциядан кейін сепсис болды. Ол сол кезеңдердің өзінде белсенді өмір сүрген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro