08 маусым 2021 17:19

Теміртау тұрғыны бэтмобиль құрастырып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео: instagram.com/jbkanal

Теміртаудың 30 жастағы тұрғыны Евгений Бондаренко бэтмобиль құрастыруға 3 жылын жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртаудың 30 жастағы тұрғыны Евгений Бондаренко бэтмобиль құрастыруға 3 жылын жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Евгений Бондаренко Теміртауда туып-өскен. Ол онлайн-сауда саласында жұмыс істейді. Оның қызметі автомобиль өнімдерімен және көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектермен байланысты.

Ол бала кезінен ерекше автомобиль модельдерін ұнатады екен. Бэтмен фильмдері мен анимациялық картиналардың жанкүйері. Әрқашан ондағы басты кейіпкердің көлігі - бэтмобильге тамсанатын. Бала Евгений сондай көлікті армандаған.

"Жас ұлғайса да құмарлығым басылмады. Мен қазір де автомобильдерді және олармен байланыстының бәрін жақсы көремін. Кристофер Ноланның "Темный рыцарь" туралы дастанының жанкүйерімін. Batmobile - барлық көлік түрінің ішіндегі ең жақсысы. Үш жыл бұрын оны жасап шығу ойыма келді. Алдымен сызбасын үйдің еденіне салдым. Содан кейін оны шындыққа айналдыра бастадым. Менде сол кезде сызба мен Ford жүк көлігінің артқы көпірі ғана болды", - дейді Евгений Бондаренко.

Бэтмобиль құрастыруға қанша ақша жұмсағанын Евгений айтпады. Автомобильде жапониялық мотор мен автомат беріліс қорабы тұр. Көлік жүреді, бірақ Евгений жылдамдығы қаншаға баратынын әлі сынап көрмепті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евгений Бондаренко (@jbkanal)

Бэтмобиль дайын болып қалды, енді Евгений оның көмегімен ақша табуға ниетті. Ол бұл көлік кез келген бейнеклипті әсерлі етеріне және фотосессиялар мен көрмелерге керемет деректеме болатынына сенімді.

"Болашақта ТЖМ және басқа да жедел қызметтерге, экстримге қызығатын адамдарға жол талғамайтын көліктер сериясын құрастырғым келеді. Олар бэтмобильге қарағанда қарапайымдау болады. Бірақ адамдарға өте пайдалы болары анық", - дейді теміртаулық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евгений Бондаренко (@jbkanal)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети