26 ақпан 2021 17:14

Алматылық модель арабтың ELLE журналы мұқабасына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото жеке архивтен Фото жеке архивтен

Алматылық Аружан Джаппуева ELLE араб журналы мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық Аружан Джаппуева ELLE араб журналы мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аружан кәсіби модель емес. Бұл - хоббиі. Оның сән әлемінде жүргеніне көп болған. Танымал фотографтармен араласады. ELLE Arabia мұқабасына шыққан фотосуретті әлемдегі танымал басылымдармен жұмыс істейтін фотограф Виктор Данилов түсірген. Журнал редакциясы фотограф түсірген суреттерге қызығушылық танытып, Аружан туралы мақала жариялауды ұйғарған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ELLE Arabia (@elle_arabia)

Аружан Джаппуева маркетолог мамандығымен Дубайдағы компаниялардың бірінде жұмыс істейді.

"Мен 14 жасымда Дубайға көшуді ұйғардым. Ата-анам маған сенетін, сондықтан олар мені толықтай қолдап, көмек көрсетті. Дубайда тұрып жатқаныма сегіз жыл болды. Мұнда өмірім түбегейлі өзгерді", - деп бөлісті модель.

 Ол Gems World Academy-ді бітіріп, одан әрі American University in Dubai-да оқуын жалғастырды.

"Алайда мен экономика саласында бакалавр атануға сәл уақыт қалғанда бұдан да үлкен мүмкіндігімді жіберіп алғанымды түсіндім. Сондықтан Лондондағы Hult Business School-ға ауысып, Ұлыбританияда тұрып білім алдым", - деді Аружан.

Пандемия кезінде Аружан BoredPuma шығармашылық агенттігінде жұмыс істеген.

"Ұжымның негізін қалаушы маған олардың алғашқы жобасына БАӘ-де орналасқан отандық Splash Fashions брендінің тұрақты сән науқанына көмектесетін адам қажет екенін айтты. Біз бұл жобада әр аймақта, әр түрлі суретшімен қашықтан жұмыс істедік. Осылайша мен басқарған сән науқаны сәтті аяқталды. Бұл бренд үшін керемет бастама болды", - деді ол.

Университетті бітіргеннен кейін де Аружан сән саласын, оның тарихын, әлеуметтік деңгейін, заманауи сән бизнесін зерттеуді тоқтатпаған.

"Қазіргі сән әлемі жүйелік және шығармашылық тұрғыдан айтарлықтай өзгерісті қажет етеді, сондықтан мен қызықты әрі пайдалы өзгерістер жасауға үлес қосқым келеді. (...)", - деді Аружан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aru (@aru.079)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети