"Тараз аруы-2016" байқауының жеңімпазы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тараз аруы-2016" байқауының жеңімпазы анықталды "Тараз аруы-2016" байқауына қатысушылардың бірі © Асылбек Имандосов

Таразда "Тараз аруы-2016" байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Биыл "Fabus" модельдік агенттігі мен "Балғын" компаниясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 16 мен 18 жас аралығындағы 17 қыз қатысты. Айта кетейік, қатысушылардың барлығы Тараз қаласының тумасы.

Шамамен 80 қатысушы қатысқан жобаның кастингінде қазылар байқаудың финалына ең сұлу қыздарды таңдады. Байқау 4 кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, ортақ би, дарындар байқауы және қалыңдық көйлегін киіп, сахнада жүру. Қазылар үш аталым бойынша 7 жеңімпазды таңдады.

Қазылардың шешімімен "Тараз аруы-2016" байқауының жеңімпазы 18 жастағы Қымбат Бертай, ІІ вице ару - Ләззат Исаева атанса, ІІІ вице ару - Наргиз Лиспекова атанды.


Қымбат Бертай. Фото: Асылбек Имандосов

Айта кетейік, Қымбат Бертай осыған дейін "Тараз аруы-2015" байқауына қатысқан. Бірақ жеңімпаз атанбаған екен.

"Мен 15 жасымнан бастап сұлулық байқауларына қатысып жүрмін. Былтыр мен дайын болмадым, сондықтан да өз-өзімді көрсете алмадым. Содан мен "Тараз аруы-2016" байқауына бар күшімді салдым. Қазылар да мұны атап өтті. Бұл жеңіс мені әрі қарай ынталандырады, "Қазақстан аруы" байқауына қатысуға күш-жігер береді", - деді Қымбат Бертай.

Айта кетейік, байқаудың жеңімпазына бас сыйлық ретінде "Қазақстан аруы-2016" байқауына жолдама берілді.


©  Асылбек Имандосов

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +29
Ақтау +29
Ақтөбе +28
Атырау +31
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +27
П
Павлодар +25
Петропавл +31
С
Семей +36
Т
Талдықорған +36
Тараз +41
Түркістан +28
О
Орал +32
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +37

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер