бойынша жаңалық Франция

Макрон ДАИШ басшысының көзі жойылғанын хабарлады Франция президенті Эммануэль Макрон француз қарулы күштері ДАИШ ("Ислам мемлекеті" - Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) құрылымына кіретін
16 қыркүйек 2021
Көрнекі сурет: pixabay.com Францияда туристік ұшақ апатынан үш адам қайтыс болды Францияның Дижон қаласының маңында шағын туристік ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қайтыс болды. Бұл туралы Вien Public жазады, - деп хабарлайды
13 қыркүйек 2021
Фото: pixabay.com Вакцина салдырған туристер кіре алатын ЕО елдерінің тізімі жарияланды Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың жаңа толқыны жақындап келеді, ал жеңіл нұсқада болса да, туристік маусым әлі де жалғасып жатыр, - деп
13 қыркүйек 2021
Цюрих, Швейцария. Фото: pixabay.com Туристер үшін Еуропадағы ең қымбат қалалардың рейтингі жарияланды Еуропада тұру үшін ең қымбат қала Цюрих болды. Британиялық Сheaprooms брондау порталының жақында жүргізген зерттеуі Еуропаның ең қымбат қалаларын
12 қыркүйек 2021
Фото: sport-express.ru 39 жыл комада жатқан франциялық футболшы қайтыс болды Франция құрамасының бұрынғы футболшысы Жан-Пьер Адамс 39 жыл комада жатып, 6 қыркүйекте қайтыс болды, - деп хабарлайды The Mirror.
07 қыркүйек 2021
Жан-Поль Бельмондо Атақты актер Жан-Поль Бельмондо қайтыс болды Атақты актер Жан-Поль Бельмондо қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. Француз басылымдарына
06 қыркүйек 2021
Фото: akorda.kz Тоқаев пен Макрон телефон арқылы Ауғанстандағы жағдайды талқылады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
01 қыркүйек 2021
© instagram/kanat_sveta_aitbayevtar Француз мәнерлеп сырғанаушысы Гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің әніне өнер көрсетті Франциялық мәнерлеп сырғанаушы Ян Воклен (Ian Vauclin) Куршевельде өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің
22 тамыз 2021
Фото: Тourweek.ru Францияда орман өртінен 27-ден аса адам зардап шекті Франциядағы орман өрттерінің салдарынан 1 адам қайтыс болды. Марқұмның денесі Гримо қаласының маңында табылды. Оның кім екені әлі анықталған
20 тамыз 2021
Фото instagram.com/psg Месси ресми түрде ПСЖ клубына ауысты Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде франциялық "Пари Сен-Жермен" (ПСЖ) клубына ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клубтың
11 тамыз 2021
Фото ©REUTERS ПСЖ Мессидің таныстырылымы үшін Эйфель мұнарасын жалға алды - БАҚ Францияның "Пари Сен-Жермен" футбол клубы (ПСЖ) аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің таныстырылымы үшін Эйфель мұнарасын жалға алған. Бұл
09 тамыз 2021
@Reuters Францияда сот міндетті вакцинацияны заңды деп тапты Францияның Конституциялық соты міндетті вакцинация мен "денсаулық паспорттарын" енгізуді заңды деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
06 тамыз 2021
Фото ©REUTERS Францияда COVID-паспортына қарсы 200 мыңнан аса адам наразылыққа шықты Францияда міндетті вакцинация мен COVID-паспортына қарсы жаппай наразылық акциялары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне
02 тамыз 2021
Фото: Reuters.com Токио Олимпиадасында француз боксшысы бір сағат бойы рингтен кетпей қойды Француз боксшысы Мурад Алиев Олимпиада ойындарының ширек финалында төрешілер шешімімен келіспейтінін білдіріп, 30 минут бой рингтен кетпей қойды,
01 тамыз 2021
Видеодан алынған Самал Еслямова түскен қазақстандық фильм Францияда көрсетіледі Қазақстандық "Конокрады. Дороги времени" фильмі Францияда прокатқа шығып, елдің 21 қаласында көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
29 шілде 2021
Фото: pixabay.com Саяхатқа шыққан қарт турист ұшақта қайтыс болды Қарт турист Испанияға демалысқа шығып, ұшақта жолаушылардың көз алдында жүрегі тоқтап қайтыс болды. Бұл туралы Mirror жазады, - деп хабарлайды
24 шілде 2021
Фото ©REUTERS Макрон тыңшылық бағдарлама туралы хабардан кейін телефонын ауыстырды Франция президенті Эммануэль Макрон ұялы телефоны мен нөмірін өзгертті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.
23 шілде 2021
Иллюстрация. © pixabay.com Ер адам сүйіктісіне Эйфель мұнарасында үйленуге ұсыныс жасады Парижде тоғыз айға жуық болған үзілістен кейін Эйфель мұнарасы ашылды. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Германиядан келген туристер бұл оқиғаны қалай
21 шілде 2021
Фото:elements.envato.com Францияда COVID-19-дың төртінші толқыны басталды - БАҚ Франция билігі елде COVID-19-дың төртінші толқыны басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі iz.ru сайтына сілтеме жасап.
20 шілде 2021
Фото: pixabay.com Эйфель мұнарасына тек вакцина салдырған туристер көтеріле алады Париждегі Эйфель мұнарасы келушілерге 16 шілдеде ашылды. 20 шілдеге дейін аттракцион барлық турист үшін, ал 21 шілдеден бастап тек COVID-19-ға
20 шілде 2021

Қысқаша мәлімет

Орналасуы:  Батыс Еуропада орналасқан мемлекет
Астанасы: Париж
Ірі қалалары:  Марсель, Лион,  Тулуза, Ницца, Бордо
Жер көлемі: 674 685 шаршы шақырым
Телефон коды: +33
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: шенген
Тілі: француз тілі 
Валютасы: еуро
Халқы: 2019 жылы 65 060 692 адам
Діни сенімдері: елдің тең жартысы ешқандай дін ұстанбайды, 40 пайызы - католик
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: француздық "Type E". 50 Гц.

© pixabay.com

Франция географиясы мен климаты

Француздар өз елін "гексагон" (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік-шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік-батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Батысы мен солтүстігінде Атлант мұжиты жатыр. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым-қатынастарының дамуына оң әсер етеді. Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр.

Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден-ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды. Теңіз шекарасының ұзындығы 5500 шақырым. 

Франция Батыс Еуропаның аумағы бойынша ең ірі ел: ол Еуропалық Одақ аумағының бестен бір бөлігін алып жатыр. Сондай-ақ Мемлекет құрамына Жерорта теңізіндегі Корсика аралы және жиырмадан аса теңіз маңындағы департаменттер мен тәуелді аумақтар кіреді.

Елдің солтүстігі мен батысында жазық аумақтар мен төменгі таулар орналасқан. Жазықтар жалпы аумақтың 3/2 пайызын құрайды. Негізгі тау алқаптары: Альпы, Пиреней, Юра, Арденн, Орталық массив және Вогез. Кейбір теңіз маңындағы аумақтарды қоспағанда, Францияның барлық өзендері Атлант мұхиты бассейніне құяды және көбінесе орталық массивте, Альпіде және Пиренейлерде бастау алады. 

Францияның ұлттық парктер жүйесі еуропалық Францияда, сондай-ақ оның теңіз маңындағы аумақтарда орналасқан тоғыз парктен тұрады. Парктер Францияның Ұлттық парктерін басқарудың үкіметтік агенттігімен басқарылады. Олар Еуропа аумағының 2 пайызын алып жатыр, ал оларға жылына 7 миллион адам барады. Ормандар ел аумағының 27 пайызын алып жатыр. 

Францияның еуропалық аумағындағы климат теңіздік, шығыста орташа континентальды, ал оңтүстік жағалауда субтропикалық. Климаттың үш түрін атап өтуге болады: мұхиттық (батыста), Жерорта теңізі (оңтүстікте), континентальды (орталық және шығыста). Жаз өте ыстық және құрғақ - шілдеде орташа температура + 23-25 градусқа жетеді, ал қыс айларында ауа температурасы +7-8 градус кезінде жаңбыр көп жауады. Қаңтар мен сәуір айлары аралығында жауын-шашынның негізгі үлесі түседі.

© pixabay.com

Франция экономикасы

Франция - жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Жапония, Германиядан кейін), Еуропада Германиядан кейін 2-орын алады. Франция автомобильдер шығару жөнінде дүние жүзінде 3-орын, авиациялық және ғарыштық техника өндірісі бойынша Еуропада 1-орын алады. Сондай-ақ экспортқа көп мөлшерде қару-жарақ, АЭС-тер үшін құрал-жабдықтар, химикаттар, маталар мен киім-кешек шығарады. Француз өнеркәсібінің жетекші салаларына автомобиль жасау, химия мен мұнай химиясы, ұшақ жасау (аэробустар мен әскери ұшақтар), электроника, металлургия, темір жолы техникасын шығару жатады.

Парфюмерия - косметикалық сала мен жоғары талғамды сәнді киімдер шығаруда Франция дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Жылына шамамен 3,5 миллион автокөлік шығарса, оның жартысына жуығы экспортқа жіберіледі.

Автокөліктерінің 90 пайыздан астамын "Рено" мен "Пежо-Ситроен" компаниялары шығарады. Кеме және станок жасау, ауыл шаруашылық машиналары өндірісі де жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі минералды тыңайтқыштар, синтетикалық каучук пен пластмасса, парфюмерия, дәрі-дәрмектер жасауға маманданған. Ірі мұнай, химиялық кәсіпорындары көп.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің көлемі бойынша Франция дүние жүзінде АҚШ пен Канададан кейін 3-орынды иеленеді. Ол ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етіп, 40%-ын экспортқа шығарады. Франция - Еуропадағы астық, сары май, ірі қара етін, ірімшікті ең көп мөлшерде өндіретін ел. Өсімдік шаруашылығының негізгі саласы - дәнді дақылдар өсіру.

Франция Қазақстанға инвестиция салушы елдер арасында жетінші орында тұр. 

© pixabay.com

Франция тарихы

XI ғасырда Франция бірнеше ірі феодалдық иеліктерге бөлінді. Олар: Нормандия, Бургундия, Бретань, Аквитания герцогтіктері,Анжу, Тулуза, Шампань т.б. Герцогтер мен графтар корольдің бағыныштылары болғанымен, олар іс жүзінде корольге бағынбады.

Король II Филипп Август (1180-1223) ағылшын корольдерінің Франциядағы иеліктері - Нормандияны, Анжуды, Аквитанияның біраз бөлігін тартып алып, өз доменіне косты. Француз королінің доменіне Тулуза графтығы да қосып алынды. IV Көркем Филипп король (1285-1314) өз доменіне Шампань графтығын қосып алды.

Король IV Филипп Рим папасына қарсы күресте қолдау табу үшін 1302 жылы Бас штаттарды шакырды. Бас штаттар ауқатты қала тұрғындары, дінбасылар мен дворяндардың жиналысы еді.

Францияда XIV ғасырдың басында сословиелік монархия - орталықтанған феодалдық мемлекет калыптасты. Король ел басқаруда сословиелер өкілдерінің жиналысы - Бас штаттарға сүйенді.

XIV ғасырда Англия мен Франция арасында тарихтағы ең ұзақ соғыс басталды. Ол біраз үзілістермен жүз жылдан астам уақытқа (1337-1453 жылдар аралығы ) созылды. Франция оңтүстік-батыс облыстарын (Аквитания) өзіне қайтарып алу үшін соғысты. Тек сонда ғана Франция жерлері толық бірігіп, бір елге айналатын еді. Сондай-ақ Англия мен Франция арасында Фландрия үшін талас бұрыннан шешімін таппай келе жатқан даулы мәселе болатын.

© pixabay.com

Соғысты бастауға ағылшын королі III Эдуардтың француз тағы үшін таласуы себеп болды. Ол француз королі IV Көркем Филиптің қызы Изабелладан туған жиені болатын. Ал IV Филиптен кейін таққа отырған корольдердің мұрагерлері болмады. Бұл соғыс француздар үшін әділетті соғыс еді.

Францияның Жүз жылдық соғыстағы жеңісі оны саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттарын қалыптастырды. Жүз жылдық соғыстың басындағы сәтсіздіктер тұрақты әскердің артықшылықтарын көрсетті. Бірақ ол кезде қазынада тұрақты әскер құруға қажетті қаржы жоқ еді. Ондай қаржы соғыс біткен соң жинақтала бастады.

Францияны біріктіру негізінен VII Карлдың баласы XI Людовиктің тұсында (1461-1483) аяқталды. Король билігінің күшеюі ақсүйек феодалдарға ұнамады. Өздерінің тәуелсіздігінен айырыла бастаған олар корольге қарсы одақ кұрды. Оны Батыр Карл деп аталған Бургундия герцогі басқарды. Ол ағылшын королі IV Эдуардпен құпия келісім жасады.

18 ғасырдың аяғында төңкеріс кезінде монархия мен оған тән институттар құлдырады. Ел алдымен Республика, содан кейін Наполеон Бонапарт жариялаған империяға айналды. Наполеон соғысындағы жеңілістен кейін Франция монархияның уақытша қалпына келтірілуінен аман өтіп, тағы бірнеше қайта құрулардан өтті, содан кейін Екінші Республика, содан кейін Екінші Империя және 1870 жылы құрылған неғұрлым тұрақты Үшінші Республикаға айналды.

Франция Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбританиямен, Ресеймен, Италиямен, Жапониямен, АҚШ-пен және Германия мен Орталық державаларға қарсы басқа одақтастарымен бірігіп күрескен Күштердің бірі болды.

Франция Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одақтас күштердің құрамына кірді, бірақ 1940 жылы нацистік Германияны жаулап алды. Үшінші республика жойылды, ал елдің көп бөлігі тікелей Ақси елдері, ал оңтүстігінде Вичидің ынтымақтастық үкіметінің бақылауында болды. 1944 жылы азаттық кезінде Төртінші Республика жарияланды, бірақ ол он жарым жылға ғана созылды. 1958 жылы Алжир дағдарысы кезінде Төртінші Республика тоқтап қалды, ал Бесінші Республиканы Шарль де Голль жариялады.

1960 жылдары, деколонизация процесінде көптеген француз отарлары тәуелсіз мәртебеге ие болды. Олардың кейбіреулері шетелдік департаменттер мен қауымдастықтар мәртебесін сақтап қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Франция БҰҰ мен НАТО Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болды.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Франция қаншалықты тартымды?

Бірнеше ғасырдан бері, Францияда демалыс бүкіл әлемнің туристері үшін ең сүйікті мекен екенін айтпаса да белгілі. Жыл сайын бұл ғажайып елге миллиондаған турист келеді - француздар олардың саны Франция тұрғындарының санынан асып түсетінін айтады. Егер сіз тауға барып, шаңғымен сырғанағыңыз келсе сізді тамаша дамыған туристік инфрақұрылымы, аспа жолдары, кез келген күрделіктегі шаңғы трассалары және тамаша демалу үшін қажет барлық кереметтей тау шаңғысы курорттары күтеді. Ал егер сіз аралдарда оңаша қалуды қаласаңыз - Франция сізді Корсиканың керемет курорттарына және басқа да өз аралдық иеліктеріне шақырады.

Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларынан Францияға бару бағасы маусымға байланысты өзгеріп отырады. Елдердің жаппай еңбек демалысына шығатын кезеңінде баға едәуір жоғары болатыны сөзсіз, сол себепті өзіңіздің баратын уақытыңыз бен курортты алдын ала жоспарлағаныңыз жөн. 

Жазда туристер легі атақты Көкшіл жағаға ағылады. Елдің бұл бөлігінде жолдамалар өте қымбат, әсіресе маусым кезінде. Егер сіз жаздың соңында демалуға осында баруды жоспарласаңыз, екі аптада кемінде 730 еуро жұмсайсыз.

Егер сіз арзан турларды іздесеңіз, ол тізімнен Корсика, Сен-Тропе, Марсельді алып тастаңыз, өйткені жазда осы бағыттарға сапардың бағасы әркімге қол жетімді емес. Сондай-ақ, тау шаңғысы курорттарында маусым қызған шақта баға едәуір жоғары болатынын айта кету керек.

Дегенмен әрқашан қолжетімді бағамен жеңілдіктер ұсынысын табу мүмкіндігі бар. Тым арзан ұсыныс табу мүмкін емес, бірақ шығындарды айтарлықтай төмендетуге болады. 

© pixabay.com

Қалай жетуге болады?

Егер сіз Парижге барғыңыз келсе, онда Францияға авиабилеттерді броньдау үшін ең жақсы уақыт - мамыр және қыркүйек айлары. Француз Ривьерасына бару үшін маусым және қыркүйек айларында болады. Корсикада нағыз маусым мамыр айынан қазан айына дейін жалғасады. Француз Альпісіндегі қар қараша айының соңында түсіп, мамыр айының ортасына дейін жатады. Францияға баратын болып шешсеңіз, онда ерте бастан қамданып, билеттерді алдын ала алуға кеңес беріледі, өйткені төмен бағамен алу мүмкіндігі бар. 

Көптеген туристер белгілі бір күндерді арнайы таңдайды және аты аңызға айналған шаралардың қатысушылары болу үшін Францияға авиабилеттерді броньдайды: мамыр айының ортасы - Канн кинофестивалі, мамыр айының соңы-Монакодағы "Формула-1" Гран-приі сынды халықаралық шаралар жиі ұйымдастырылады. 

© pixabay.com

Франциядағы көлік қозғалысы

Автомобильді халықаралық үлгідегі көлік жүргізу құқығы болған жағдайда 25 жастан асқан адамдарға жалға алуға рұқсат етіледі. Қаладағы жылдамдық мөлшері - сағатына 50 шақырым. Қауіпсіздік белдіктері міндетті - мұныл полиция өте қатаң қадағалайды. Францияда велосипедшілер өте көп, автокөлікпен жүргенде осыны ескеру керек. Жалға алудың орташа құны - тәулігіне 40-45 еуро.

Автомагистральдарда рұқсат етілген жылдамдық - сағатына 130 шақырым, әрбір 50 шақырым сайын жанармай бекеті тұрады, жолды бетон жолағы бөліп тұр, бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдлар жоқ.

Ұлттық жолдар - рұқсат етілген жылдамдық - сағатына 90 шақырым (бетон бөлу жолағы болған жағдайда - 110 шақ./сағ). Департамент жолдары - рұқсат етілген жылдамдық - 90 шақ./сағат.

© pixabay.com

Франция туризмі

Франциядағы туризм ел экономикасының маңызды аспектісі болып табылады. 90-шы жылдардан бастап Франция әлемдегі ең туристік бағыттар тізімінде бірінші орында. Француз халқының көбісі демалыстарын Францияда өткізуді жөн санайды.

Франция туризмі жағажай, білім беру, бальнеологиялық, рекреациялық мен қажылық түрлеріне мамандандырылған. Туризм шетел валютасындағы негізгі кіріс көзі болып табылады, түсім ЖІӨ-нің 11 пайызын құрайды. Француздар өз еліндегі мерекелерге шетелдіктерге қарағанда 4 есе көп ақша жұмсайды.

Францияда 20 мың қонақүй, 85 мың мейрамхана, 40 мың ауылдық қонақүй және 11 300 лагерь бар. Лагерьлер арнайы жабдықталған аумақтарда 1-ден 4 жұлдызға дейін, ал 2300 лагерь фермаларда немесе табиғатта орналасқан.

Disneyland Europe Парижден шығысқа қарай 37 км жерде орналасқан. Парижде кез келген адамды қызықтыратын көптеген көрнекті орындар бар. Лувр мұражайы Франциядағы ең үлкен сарайда орналасқан және көптеген коллекцияларымен әлемдегі ең үлкен музейлердің бірі болып саналады. Бір сапармен Луврдың экспозициясымен танысу мүмкін емес. Луврға жылына 1 миллион турист келеді. Ұлттық кітапханада 25 миллионнан астам құжаттар, кітаптар, қолжазбалар, медальдар, баспа және фотосуреттер сақталған.

Пикассо мұражайы да Франция мемлекетінде орналасқан. Ұлы суретшінің қайтыс болғаннан кейін қалған суреттерін шашпау үшін мұрагерлер мемлекетке мұраны бөлісер алдында мұражайға арналған жұмыстарды таңдауға мүмкіндік берді.

Сенадағы Сите аралы - Париждің жүрегі, қаланың ең көне бөлігі, оның тарихи орталығы. Нотр-Дам соборы - Париж бен Францияның дәл орталығы: жол белгілерінде Францияның кез-келген нүктесіне дейінгі қашықтық есептеледі. Собор 1163 жылы салынған, оған 9 мың адам сыяды. Сен-Жермен-де-Пре шіркеуі: ғимаратты Париж епископы Жермен XI ғасырда салған. Эйфель мұнарасы - Париждің символы. Инженер А.Г. 1889 жылғы Дүниежүзілік жәрмеңке үшін салынған Эйфель мұнарасы, жылына 3 миллион турист Эйфель мұнарасына көтеріледі.

Триумфалды арка: Наполеон оны салу туралы шешім қабылдаған 1806 жылғы жарлығымен Арк де Триома Жұлдыздар алаңында орналасқан, оның ішінен 12 көше жан-жаққа сәуледей шашырап орналасқан. Монпарнас - қаланың ауқатты, бай, атақты адамдары тұратын ауданы.

Қазіргі заманғы өнер мұражайы - оның коллекцияларына картиналар мен қалаға тиесілі басқа өнер туындылары жинақталған, негізінен жеке тұлғалардың сыйлықтарынан құралған. Александр Невский храмы - Париждегі ең танымал православие шіркеуі, Дарж көшесінде орналасқан орыс иммигранттарының сүйікті ғибадатханасы. Ол 1861 жылы жеке тұлғалардың садақаларына салынған.

© pixabay.com

Франция асханасы

Ұлттық француз асханасы алуан түрлі және талғамның батыл үйлесімімен ерекшеленеді. Мұнда кез келген тағамға тұздық беріледі, француздар оның көптеген түрін ойлап тапты. Францияның дәстүрлі ас үйі күрделі тағамдар жасалатын қарапайым өнімдерге негізделген. Асшаяндар мен лобстерлер, балықтың алуан түрлері, ет тағамдары, көкөністер. 

Француз асханасының ұлттық тағамдары:
Круассан. Франциядан бұл қытырлақ пісіру әр түрлі салмалармен келді. Францияда кофе мен круассан дәстүрлі таңғы ас болып есептеледі.
Бақа аяқтары. Француздық осы деликатестің дәмін татуға көп адамдар жүрексінеді. Негізінде бақа аяқтары өте дәмді және тауық еті сияқты.
Сарымсақ тұздығындағы ұлулар. Француз асханасының тағы бір бірегей рецепті, оның дәмін татуға әбден лайық. 
Кок-а-вин. Қызыл шараптағы тауық немесе қораз. Күрделі Француз рецептерінің бірі, оны тек тәжірибелі аспаздар әзірлейді. 
Фуа-гра. Қаз бауырынан паштет. Оны дайындау қиынға соғады.
Рататуй. Қуырылған бұрыш, ботқа және баклажаннан жасалған көкөніс тағамы. Ратату" рецептері аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
Фондю. Ашық отта какелон арнайы ыстыққа төзімді ыдыста балқыту әдісімен дайындалған ірімшік немесе шоколад тағамы.
Трюфельдер. Жерде өсетін саңырауқұлақтардың нәзік түрі. Нағыз ақсүйектер тағамы.
Пияз сорпасы. Пиязбен, ірімшікпен және қытырлақпен әзірленген сұйық сорпа, бір мезгілде қарапайым және таңдаулы тағам.
Крем-брюле. Нәзік крем, оның шынайы дәмін Францияда ғана білуге болады.

© pixabay.com

Франциядағы қауіпсіздік

Еуропа салыстырмалы түрде негізінен тәртіп пен қауіпсіздік символы десе болатын шығар. Францияда бұл жағынан осал емес. Алайда, кез келген жағдайда "бәле қайдан" деуге болмайды, "сақтансаң, сақтайды". Осы елде жүргенде барлық тұрғындардың адалдығына сенуге болмайды. Сондай-ақ, Францияда туристердің өзі жиі жанжал шығарады. 

Елдің оңтүстігінде шоғырланған мотоцикл мінген ұрылар жүреді, сондай-ақ қалта ұрылары да жоқ емес. Негізінен тонау мен ұрлық көбінесе арабтар мен қара нәсілділер тұратын этникалық кварталдарда кездеседі. Мүмкін болса елордадағы 17-20 аймақтарынан алшақ жүруге кеңес береді.

© pixabay.com

Қандай кәдесыйлар әкелуге болады

Париж және кәде сый дегенде ойыңызға бірінші не келеді? Көптеген адамдар иіс су, сәнді киімдер, шарап пен коньяк дейтін шығар. Біз сіздерге статистика бойынша туристердің жиі алатын кәдесыйларының тізімін жариялаймыз. 

Парфюм және опа-далап, дизайнерлік киім мен аксесуарлар, алкогольдік ішімдіктер, Француз ірімшігі мен Фуа-гра, тәттілер. Бұл заттардың Франция тарихына, дәстүрі мен күнделікті өміріне тікелей қатысы бар заттар. 

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети