07 қыркүйек 2021 08:57

39 жыл комада жатқан франциялық футболшы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: sport-express.ru Фото: sport-express.ru

Франция құрамасының бұрынғы футболшысы Жан-Пьер Адамс 39 жыл комада жатып, 6 қыркүйекте қайтыс болды, - деп хабарлайды The Mirror.


Франция құрамасының бұрынғы футболшысы Жан-Пьер Адамс 39 жыл комада жатып, 6 қыркүйекте қайтыс болды, - деп хабарлайды The Mirror.

1982 жылы футболшының тізесіне операция жасау кезінде анестезиологтың қателігінен кейін ол комаға түскен.

Жан-Пьер Адамстың футболдағы карьерасы 15 жылға созылды. Ол 1972-1976 жылдар аралығында Франция құрамасының намысын қорғап, ұлттық команда сапында 22 матч өткізген. Франция чемпионатында Адамс "Пари Сен-Жермен" мен "Ниццада" өнер көрсеткен. 1980-жылдардың басында әуесқой деңгейде ойнаған.

Адамс Ним қаласындағы университеттің аурухана бөлімінде қайтыс болды. Ол 73 жаста еді.

Бұған дейін "Ювентус" жастар командасының футболшысы Брайан Додьен 17 жасында қайтыс болған еді. Спортшы бірнеше жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети