27 сәуір 2020 09:19

"Ролан Гаррос" жеңімпазы пандемия кезінде супермаркетке жұмысқа тұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter © Twitter

2019 жылы "Ролан Гарростың" жұптық сынында жеңімпаз болған Кевин Кравитц пандемия кезінде супермаркеттердің біріне жұмысқа орналасқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Spiegel.


2019 жылы "Ролан Гарростың" жұптық сынында жеңімпаз болған Кевин Кравитц пандемия кезінде супермаркеттердің біріне жұмысқа орналасқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Spiegel.

Бұған дейін Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) коронавирусқа байланысты барлық турнирді тоқтатқан болатын. 

"Кәсіпқой ретінде теннис залында жаттыға аламын, сондықтан аптасына үш-төрт рет ойнаймын. Бірнеше аптадан бері 450 еуроға супермаркетте жұмыс істеп жүрмін. Әзірше кассада отыруыма рұқсат жоқ. Азық-түлікті сөрелерге қоямын, бос қораптарды түгендеймін. Өткен аптада кіреберісте күзетші болдым, дүкен арбаларын дезинфекциялық құралмен өңдедім. Көптен бері қарапайым жұмысты көруді армандайтынмын. Коронавирустың арқасында осындай мүмкіндік туды", - деді Кравитц. 

Германиялық теннисші 2019 жылы отандасы Андреас Миспен бірге "Ролан Гарростың" жұптық сынында топ жарған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети