28 сәуір 2014 18:58

Назарбаев КСРО-ның не себепті құрылмайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағын жандандырудың не себепті мүмкін емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының бұл туралы ойы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі барысында айтылды.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағын жандандырудың не себепті мүмкін емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының бұл туралы ойы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі барысында айтылды.

"Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы айта отырып, сарапшылар мен саясаткерлердің кейбірі әлемдік қоғамдық пікірді және біздің кейбір азаматтарды Кеңес Одағының мивтік реинкарнациясымен қорқытады. Бұлай пайымдау ақиқаттан алшақ әрі негізсіз деп есептеймін", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Президент өз пікірін үш дерекпен дәйектеді. "Біріншіден, бүгінде кеңестік үлгі бойынша мұндай қайта тірілудің институционалдық базасы жоқ, бәрі түпкілікті әрі біржолата тарихи мұра болып қалды. Екіншіден, посткеңестік кеңістік халықтары өз ерекшеліктері мен дәстүрлері негізінде өздерінің төл мемлекеттерін тұрғызды. Үшіншіден, меншіктің, әлеуметтік құрылымның және қоғамның экономикалық құрылысының қазіргі жүйесі кеңестік архаикадан әлдеқайда алға озып кетті", - деді ол.

Мемлекет басшысы бүгінде аймақтық ықпалдастық жобаларының ішінде бәрінен бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың әлем саясаткерлерінің әрқилы бағасына ие болып отырғанын айтты. "Неліктен? Ашығын айтайын, мұндай теріс бағалаудан мен Еуразиялық экономикалық одақтың ғаламдық экономикалық гравитацияның өзге орталықтарына мейлінше күшті бәсекелес болуға әлеуеті бар деген қауіп жасырын тұрғанын байқаймын. Негізінде, құқық тілімен айтқанда, әңгіме біздің жаңа ықпалдастық бірлестігіміздің құрылу кезеңінің өзінде-ақ ғаламдық масштабта әділетсіз бәсекелестік әдістерінің қалыптаса бастағаны туралы болып отыр", - деп түсіндірді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети