22 мамыр 2014 08:34

Рамзан Қадыров Киевті қатаң әрекет жасаймын деп қорқытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамзан Қадыров. Сурет mk.ru сайтынан алынған Рамзан Қадыров. Сурет mk.ru сайтынан алынған

"Шешен елінің басшысы Рамзан Қадыров ресейлік Life News басылымының журналистерін тұтқындауға қатысы барларға қарсы қатаң әрекет жасаймын деп сөз берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған" деп мәлімдейді Tengrinews.kz.


"Шешен елінің басшысы Рамзан Қадыров ресейлік Life News басылымының журналистерін тұтқындауға қатысы барларға қарсы қатаң әрекет жасаймын деп сөз берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған" деп мәлімдейді Tengrinews.kz.

"Қымбатты достар! Украинаның заңсыз билігі Краматорскі маңында Life News басылымының журналистері Олег Сидякин мен Марат Сайченконы ұстаған. Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесі және қорғанысы хатшысының орынбасары Виктория Сюмар оларды террорлық әрекеттерді қолдады деп айыптады. Сюмардың айтуынша, олар террорлық топ құрамында болған. АҚШ мемлекеттік департаментіндегілер біздің журналистердің қамауға алынғаны жайлы білмейді екен. Украина арнайы қызметі мен олардың АҚШ-тағы қожаларының ұятсыздығы, екіжүзділігі мені таң қалдырды. Украина билігі фашистік методтарды қолдануды жалғастырып отыр. Біз Сидякин мен Сайченконы дереу босатуды талап етеміз. Егер Киевтегілер есін жиып, журналистерді үйіне қайтармаса, тілшілердің басына қап кигізіп, тізерлетіп отырғызып, мазақ еткендерін бақылап, үнсіз отыра алмаймыз. Журналистерді еркінен тыс ұстап отырғандарға қатысты қатаң шара қолдануға бізде күш те, мүмкіндік те бар. Сондықтан журналистерді босатуға кеңес беремін, олай болмаған жағдайда қатаң шаралар қолдануға мәжбүр боламыз" делінген үндеуде.

Оған жауап ретінде Украина ұлттық қозғалысы "Правый сектор" жетекшісі Дмитрий Ярош Қадыровқа Украинаның ісіне араласпауға кеңес берді. "Басқа-басқа, Қадыров журналистердің бостандығы жайлы сөз етпесін. Біз жылдар бойы бақылап келеміз, Шешен елінде сөз бостандығы жоқ. Ол елде бәрі террорға құрылған. Біздің ісімізге араласпасын" деді Ярош тікелей эфирде жүрген "Шустер.Live" шоу барысында.

Оған қоса, Украина президенттігінен үміткер Қадыровтың кинорежиссер мен украиналық журналистердің ұсталғанына еш мән бермегенін, ол жайлы ешқандай мәлімдеме жасамағанын айтты. "Ресейге өз еліндегі сөз бостандығын қадағалау қажет", - деп мәлімдеді Ярош.

Естеріңізге сала кетсек, 18 мамырда Life News басылымының журналистері Олег Сидякин мен Марат Сайченконы Краматорскі түбінде орналасқан блокпост маңынан Украина ұлттық гвардиясы жауынгерлері ұстап алған еді. Кейінірек, қолдары байланып, басына қап кигізілген тілшілердің тізерлеп отырған бейнежазбасы көрсетілді.

Украина билігі журналистерді "қару-жарақ контрабандасына және диверсиялық әрекеттерге қатысы бар" деп айыптады. Таяуда БАҚ-та тілшілердің бірінен жауап алып жатқаны және оның ұстау себебін айтқан бейнежазба жарық көрді.

Қазіргі уақытта Ресей СІМ, АҚШ мемлекеттік департаменті, ЕҚЫҰ журналистердің дереу босатылуын талап етіп отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети