Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сағат 23.30-дағы жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам түсті. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алған, екеуі ауыр жарақаттанған", - делінген әкімдік хабарламасында.
Облыс орталығында апат аймағынан көшірілгендерге 400-ден аса орын дайындалған.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.
Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жеткені хабарланған болатын.
Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.
Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын.
Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!