16 қаңтар 2024 | 13:18

ШҚО ауданында төтенше жағдай жарияланды: азық-түлік тікұшақпен жеткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ШҚО әкімдігі Фото: ШҚО әкімдігі

Тоқтамай жауған қарға байланысты Күршім ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тоқтамай жауған қарға байланысты Күршім ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаңтар айының 7-нен бастап Күршім ауданында қар мен боран тоқтамай тұр. Кей жерлерде қалыңдығы 1.8-2 метрге жетті. Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтерінің елді мекендерінде көлік жүруден қалды.

Қардың шектен тыс көп жауып, көліктердің жүрмеуі ескеріліп, Күршім ауданының әкімдігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасының деректеріне сәйкес, жол жүруді қамтамасыз ету үшін қосымша техника жөнелтілді. Қазіргі уақытта арнайы техниканың 24 бірлігі жұмылдырылған.

ШҚО әкімдігі

Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қолайлы ауа-райы жағдайлары белгіленген соң, 16-шы қаңтарда ауылдық округтердің тұрғындарына қажетті азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізу үшін тікұшақ жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети