29 қараша 2021 11:28

АҚШ-тың экс-қорғаныс министрі Пентагонды сотқа берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-тың экс-қорғаныс министрі Марк Эспер экс-президент Дональд Трамптың әкімшілігінде жұмыс істеген кезі туралы естеліктерінің бір бөлігін жариялауға тыйым салынғанына байланысты Пентагонды сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.


АҚШ-тың экс-қорғаныс министрі Марк Эспер экс-президент Дональд Трамптың әкімшілігінде жұмыс істеген кезі туралы естеліктерінің бір бөлігін жариялауға тыйым салынғанына байланысты Пентагонды сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мамырда жариялануы керек кітапты Эсперге ешқандай түсіндіру жұмысын жасамастан, өзгертулер мен қысқартулар енгізіп қайтарған. Оның айтуынша, тіпті мәтіндегі "зат есімдер мен етістіктерді" өзгертуге қысым жасалды деп мәлімдейді.

Эспер арызында естеліктерде ешқандай құпия ақпарат жоқ екенін, ұлттық қауіпсіздікке ешқандай қауіп төндірмейтінін айтты. Оның айтуынша, естеліктердегі анекдоттар баспасөзде таралуы мүмкін, ал басқа даулы мәселелер қазірдің өзінде қоғамдық ақпаратқа қатысты саналады.

Соттың мәліметінше, 2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың қарашасына дейін қорғаныс министрі қызметін атқарған Эспер қолжазбаның жобасын мамырда Қорғаныс министрлігінің ақпаратты дайындау және қауіпсіздікті тексеру басқармасына ұсынылған.

"Олар мені бұрынғы президент Трампқа және басқа кездесуге қатысушыларға сілтеме жасамауды, бұрынғы президентпен арамыздағы әңгімелерді сипаттамауды, сондай-ақ, тарихи оқиғаларды суреттеу кезінде белгілі бір етістіктерді немесе зат есімдерді пайдаланбауды сұрады. Сондай-ақ, маған басқа мемлекеттердің әрекеттері туралы, шетелдік шенеуніктермен сөйлескенім және халықаралық оқиғалар туралы пікірлерімді жоюды сұрады", - деп қосты ол.

Пентагонның экс-басшысы Джо Байден әкімшілігін конституциялық құқықтарын бұзды деп айыптады. Ол сотқа жүгінуді америкалықтарға "өз тарихын жеткізудің" жалғыз қол жетімді әдісі деп атайды.

"18 айға жуық қорғаныс министрі ретінде ол қорғаныс министрлігін бұрын-соңды болмаған азаматтық толқулар, денсаулық сақтау саласындағы жағдайларға байланысты, шетелде өсіп келе жатқан қауіптер, Пентагон мен Ақ үйдің қайта құрылуы кезінде басқарды, ол Конституцияны айналып өтуге тырысады", - делінген сотта.

Бұған дейін АҚШ-тың 90-ға жуық генералы Пентагон басшысын отставкаға кетуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети