29 қазан 2018 | 09:55

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанға оралды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев еліне оралды. Бұл туралы Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының ресми өкілі Қундыз Жолдубаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев еліне оралды. Бұл туралы Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының ресми өкілі Қундыз Жолдубаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

Қундыз Жолдубаева Facebook желісіндегі ресми әлеуметтік парақшасында экс-президенттің келуіне байланысты жазба қалдырған.

Реклама
Реклама

"Достар! Бізді күткен, күмәнданған, күтпеген жандардың бәріне сәлем! Социал-демократиялық партия делегациясы толық құрамда өз еліне аман-есен оралды! Енді тыныш ұйықтасаңыздар болады. Бірақ кейбіреулердің ұйқысы қашып кеткеніне сенімдімін. Біреу өзінің қалағанын шындық деп бергісі келген..."- деп жазды ол (автордың стилистикасы сақталған).

Басылымның мәліметінше, 22 қазанда экс-президент Алмазбек Атамбаев Мәскеуге ұшып барып, онда 24-27 қазан аралығында азиялық саяси партияның Халықаралық конференциясының Х Бас Ассамблеясына қатысқысы келген.

"Алайда, 22-23 қазан күндері К. Ш. Шаршенованың жерленуіне байланысты ол Санкт-Петербургте болған. Бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтың бұл сапары жақын әріптесі болып саналған Икрамжан Илмиянованың тұтқындалуымен тұспа-тұс келді. Қырғызстанның кейбір БАҚ өкілдері мен жұртшылық арасында енді бұрынғы президент Қырғызстанға қайтып оралмауы мүмкін деген болжамдар тарай бастаған", - деп жазды басылым.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная