04 тамыз 2021 17:20

Ауғанстан қорғаныс министрінің үйіне жасалған шабуыл: тәліптер жауапкершілікті мойнына алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Талибан" содырлары Ауғанстан қорғаныс министрі Бисмилла Хан Мохаммадидің үйіне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.


"Талибан" содырлары Ауғанстан қорғаныс министрі Бисмилла Хан Мохаммадидің үйіне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Қазақстанда "Талибан" қозғалысына 2005 жылғы 15 наурызда Жоғарғы соттың шешімімен тыйым салынған.

Топтың өкілі Забиулла Муджахид Twitter-де жоғары лауазымды шенеуніктерге қарсы тағы да шабуыл жоспарланғанын айтты.

"Бұл шабуыл елдің түрлі аймағында бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауға тапсырыс беріп отырған Кабул әкімшілігінің негізгі тұлғалары мен басшыларына қарсы жауап" , - делінген хабарламада.

Бұған дейін елдің Ішкі істер министрлігі Кабулдағы шабуылдан кемінде 8 адам қаза тауып, 20 адам жараланғанын хабарлаған болатын.

Басылым мәліметінше, бүлікшілер тобы бірнеше провинцияның астаналарын басып алып, бүкіл Ауғанстанға шабуыл жасауды жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, 3 тамызда кешке Кабулдағы Мохаммади үйінің жанында миналанған автокөлік жарылған. Осыдан кейін төрт содыр көрші үйге басып кіріп, күзетшілермен соғысқан. Министрдің өзі және оның отбасы бұл кезде үйде болмаған. Оқиға орнына Ауғанстан қауіпсіздік күштері жетті. Қақтығыс шамамен төрт сағатқа созылған

Ауғанстанда үкіметтік күштер мен "Талибан" қозғалысы содырлары арасында қақтығыс жүріп жатыр, олар ауылдық жерлердегі маңызды аумақтарды басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасады. Ауғанстандағы тұрақсыздық АҚШ әкімшілігінің 11 қыркүйекке дейін ауған жерінен әскерлерді шығаруды аяқтау туралы уәделері аясында күшейіп жатыр. 2020 жылы Вашингтон мен Талибан өкілдері Дохада соғыстың 18 жылдан аса уақыт ішінде алғашқы бейбітшілік келісіміне қол қойды. Ол шетелдік әскерлерді Ауғанстаннан 14 ай ішінде шығаруды және тұтқындар алмасқаннан кейін ауғанаралық диалогтың басталуын көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети