17 тамыз 2021 13:11

Ауғанстан паралимпиадашылары Токиода өтетін ойындарға қатыса алмайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның екі спортшысы елдегі тәртіпсіздікке байланысты Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатыса алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Ауғанстанның екі спортшысы елдегі тәртіпсіздікке байланысты Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатыса алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ауғанстан Паралимпиада комитетінің Лондондағы өкілі Ариан Садики мәлімдеді.

Тхэквондодан Закия Худадади мен Хосейн Расули Жапонияға 17 тамызда келіп, Токиодағы 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиадалық ойындарға қатысуы керек болған.

"Өкінішке қарай, Ауғанстандағы қазіргі тәртіпсіздіктерге байланысты команда Кабулдан уақытында кете алмады", - деді ол.

Садики спортшылар әуе билеттерін табуға тырысқанын, бірақ "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда Жоғарғы Соттың шешімі бойынша тыйым салынған) бірқатар қаланы басып алғанына байланысты олардың бағасы қымбаттап кеткенін айтты.

"Олар бұл жағдайға қатты қуанып, кез келген жерде, саябақтар мен бақтарда жаттығу жасады", - деді Садики.

Ауған спортшылары алғаш рет паралимпиада ойындарына 1996 жылы қатысқан. Рохулла Никпай 2008 жылы Пекинде өткен ойындарда таеквондода қола жеңіп,  Ауғанстанның алғашқы Олимпиада жүлдегері болды.

Худадади Паралимпиада ойындарында Ауғанстан атынан шыққан алғашқы әйел болуы керек болған.

"Таеквондо жарыстарына қатысқан алғашқы ауған әйелі болар еді. Ол жарысқа қатысқысы келді. Закия елдегі қалған әйелдер үшін үлгі болар еді", - деді Садики.

Еске салайық, "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын иеленді. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети