23 наурыз 2022 10:29

Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі АҚШ-та такси жүргізушісі болып жүр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі Халид Пайенда Вашингтонда такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. © The Washington Post Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі Халид Пайенда Вашингтонда такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. © The Washington Post

"Талибан" елді басып алар алдында АҚШ-қа кеткен Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі Халид Пайенда Вашингтонда такси жүргізушісі болып жүр. Бұл туралы The Washington Post басылымы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИноТВ арнасына сілтеме жасап.


"Талибан" елді басып алар алдында АҚШ-қа кеткен Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі Халид Пайенда Вашингтонда такси жүргізушісі болып жүр. Бұл туралы The Washington Post басылымы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИноТВ арнасына сілтеме жасап.

40 жастағы министр 1 жыл бұрын ғана АҚШ-тың өз еліне берген 6 миллиард долларын қадағалаған еді. Енді аз ақшаға қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Жаңа жұмыс оның отбасын - әйелі мен төрт баласын асырау үшін қажет, деп жазды басылым.

Шенеунік жақында берген сұхбатында Кабулдан Вашингтонға көшу ол үшін өте қиын болғанын мойындады. Дәл қазір отбасын асырау мүмкіндігі барына риза екенін, бірақ: "Қазір менің тұрақты орным жоқ. Мен өзімді мұнда да ол жақта да елестете алмаймын. Бұл өте қиын", - деді.

Пайенданың пікірінше, Американың Ауғанстандағы саясаты бастапқыда "ізгі ниет" болғанымен, жеткілікті және тұрақты емес еді. Ол АҚШ-ты "демократия мен адам құқықтарына опасыздық жасады" деп айыптады.

Пайенда қаржы министрі қызметінен тәліптер Кабулды басып алғанға дейін бір апта бұрын кеткен. Ел президенті Ашраф Ғанимен қарым-қатынасы нашарлағаннан кейін қамалудан қорқып Америка Құрама Штаттарына кеткенін айтады.

"Халық игілігі үшін жұмыс істейтін жүйені құруға бізде 20 жыл мен бүкіл әлемнің қолдауы болды", - деп жазды Пайенда Ауғанстан астанасы құлаған күні.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети