22 тамыз 2022 12:40

БАӘ-нің Ирандағы елшісі алты жылдан кейін жұмысына қайта кірісті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) кейінгі алты жылда алғаш рет Ирандағы елші қызметін қалпына келтіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.


Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) кейінгі алты жылда алғаш рет Ирандағы елші қызметін қалпына келтіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы БАӘ Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Себебі Парсы шығанағындағы Араб федерациясы ұзақ уақыт бойы аймақтық қауіп ретінде қарастырып келген мемлекетпен байланыстарды жақсартуға күш сала бастаған.

"Әмірліктің Ирандағы елшісі Саиф Мохаммед Әл Зааби жақын күндері Тегеранға оралып, екі көрші және аймақтың ортақ мүдделеріне қолжеткізу үшін екіжақты қарым-қатынастарды ілгерілетуді жалғастырады", - деп жазды БАӘ мемлекеттік ақпараттық агенттігі WAM.

Басылым мәліметінше, Парсы шығанағы елдері мен Иран арасындағы байланыстарды нығайту Авраам келісімдеріне қысым көрсетуі мүмкін, өйткені Израиль мүмкіндігінше Иран режиміне халықаралық қысым көрсетуге тырысады.

БАӘ 2016 жылы Сауд Арабиясымен ынтымақтаса отырып, уақытша сенімді өкіл ретінде республикамен байланысын төмендетіп, өз ұстанымын "Тегеранның Парсы шығанағы мен араб мемлекеттерінің ішкі істеріне араласуын жалғастыруымен" түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети