02 ақпан 2022 10:00

"Барселонаның" қарызы қанша екені белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/FCBarcelon Фото: twitter.com/FCBarcelon

Әлемдегі ең танымал клубтардың бірі саналатын Испанияның "Барселонасы" ресми сайтында қанша қарызы бар екенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Әлемдегі ең танымал клубтардың бірі саналатын Испанияның "Барселонасы" ресми сайтында қанша қарызы бар екенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Deloitte аудиторлық компаниясының мәліметінше,"каталондықтардың" нақты қарызы 1,1173 миллиард еуроны құрап отыр. Ал немістің transfermarket сайты "Барселона" футболшыларының барлығын қоса алғанда 635,50 миллион еуро деп бағалайды. Демек, клуб басшылығы өз ойыншыларын сатқанның өзінде сыртқы қарыздан толық құтыла алмайды деген сөз.

Еске салайық, өткен маусымда испаниялық клуб қаржы мәселесіне қатысты аты аңызға айналған Лионель Мессиді қатарында қалдыра алмаған болатын. Әзірге Ла Лигада 21 матч өткізген "Барселона" 35 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында келеді. 21 ойынның 9 кездесуінде жеңіске жетсе, 8 рет тең түскен. Сонымен қатар, 4 рет жеңіліс тапқан. 22 ойын өткізген "Реал" болса 50 ұпаймен көш бастап тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети