Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Байден энергия қуатының тапшылығы қаупіне байланысты төтенше жағдай жариялады 07 маусым 2022, 07:05

АҚШ президенті Джо Байден елдегі электр қуатын өндіру тапшылығына байланысты төтенше жағдай жариялап, Азиядан келетін күн батареяларын баж салығынан
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден елдегі электр қуатын өндіру тапшылығына байланысты төтенше жағдай жариялап, Азиядан келетін күн батареяларын баж салығынан босату мерзімін ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайтта жарияланған жазбада АҚШ-та жеткілікті электр қуатын өндіруге кедергі келтіретін көптеген фактор бар екені айтылған.

"Мен, Кіші Джозеф Байден, Америка Құрама Штаттарының Президенті, Америка Құрама Штаттарының конституциясы мен заңдарында берілген өкілеттік бойынша, электр энергиясын жеткілікті деңгейде өндіруге кедергі келтіретін төтенше жағдайдың бар екенін жариялаймын", - делінген хабарламада.

Байден, сонымен қатар, Камбоджа, Малайзия, Таиланд және Вьетнамның "кейбір күн батареяларын" екі жылға импорттық баж салығынан босатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram