27 тамыз 2021 09:27

Байден Кабулдағы жарылыс үшін ДАИШ-тан кек алуға уәде берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © REUTERS Фото: © REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден Кабул әуежайындаа әскери қызметкерлерге жарылыс ұйымдастырды деп айыпталған ДАИШ (ИШИМ - Қазақстанда террористік ретінде тыйым салынған) тобының жетекшілері мен нысандарынан кек алу үшін дайындалуға бұйрық бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сітеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байден Кабул әуежайындаа әскери қызметкерлерге жарылыс ұйымдастырды деп айыпталған ДАИШ (ИШИМ - Қазақстанда террористік ретінде тыйым салынған) тобының жетекшілері мен нысандарынан кек алу үшін дайындалуға бұйрық бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сітеме жасап.

Ол шабуылға жауапты адамдар табылып, жазаланатынын айтты.

"Біз кешірмейміз, ұмытпаймыз. Біз жарылысты ұйымдастырғандарды ұстап, істегендері үшін жауап беруге мәжбүр етеміз. Біз өзіміз таңдаған жерде, өзіміз таңдаған уақытта қатты және дәл соққы береміз", - деді Байден Ақ үйде, 12 америкалық әскер қаза тапқан Ауғанстан астанасының әуежайындағы террорлық шабуыл туралы мәлімдеме жасап.

Ол АҚШ лаңкестік әрекеттерге жауапты адамдарды табу үшін әскери операциялардың жолдарын табатынын да ескертті.

"Біз бұл адамдардың кім екенін білеміз деп ойлауға негіз бар", - деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ, АҚШ президенті Ауғанстанда болып жатқан барлық жағдайлар үшін жауапкершілікті "түбегейлі" мойындайтынын да қосты.

"Мен болған жағдайдың бәріне жауап беремін", - деді ол.

Байден Кабул әуежайындағы жарылыстан АҚШ-тың 12 әскері қаза тапқаннан кейін мәлімдеме жасады. Wall Street Journal басылымы Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары лауазымды тұлғасына сілтеме жасап,Кабул әуежайындағы жарылыстардан зардап шеккендердің жалпы саны, оның ішінде АҚШ әскери күштерінің өлімі 100-ден асқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети