14 қараша 2021 08:44

Беларусь әскері Польшадағы мигранттарға арналған қоршауды бұзып өтпек болған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Беларусь әскері қызмет машинасымен Польша шекарасындағы уақытша қоршауды бұзуға тырысқан. Бұл туралы поляк шекара қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Европейская правда" сайтына сілтеме жасап.


Беларусь әскері қызмет машинасымен Польша шекарасындағы уақытша қоршауды бұзуға тырысқан. Бұл туралы поляк шекара қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Европейская правда" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға сенбіге қараған түні Польшаның Черемуха елді мекенінде болған.

"Олар қоршау бағаналарын қиратып, қызметтік машинамен сымды бұзды", – делінген Польша шекара қызметінің Twitter-дегі ресми парақшасында.

Хабарламадағы видеодан қараңғыда тікен сым арқылы лазер сәулелері мен стробоскоптар қалай қолданылғаны көрінеді, бірақ көлік байқалмайды.

"Белорустар оларға көзден жас ағызатын газ құралдарын беріп, поляк қызметіне қарсы қолданды. Шекара қызметі осы және одан ары шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттерінің алдын алды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сенбіде Польша полициясы Беларусь шекарасына жақын маңда сириялық босқынның денесі табылғанын хабарлады.

"Кеше шекараға жақын орманда, Вулька Тереховская ауылы маңында жас сириялықтың денесі табылды. Мәйіт табылған жерде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өлім себебі анықталмады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Еуропалық Одақ Беларусь президенті Александр Лукашенконы ЕО-ға әсер ету мақсатында мигранттарды шекараға жеткізу үшін елге әкелуге әдейі мүмкіндік берді деп айыптады. Польша, Латвия, Литвада жағдай нашарлаған еді.

11 қарашада Латвияның сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич Рига Белоруссиядан заңсыз мигранттардың келуіне байланысты жағдайдың нашарлауына дайындалып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Беларусь билігіне қатысты жаңа санкциялар туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети