08 тамыз 2021 11:35

Беларусь МҚК басшысы Тихановскаяға қарсы дәлелі барын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: БелТА. Telegram/tsikhanouskaya Фото: БелТА. Telegram/tsikhanouskaya

Беларусь Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Иван Тертель қолында Светлана Тихановскаяға қарсы "көзір" болатын видео бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БелТА-ға сілтеме жасап.


Беларусь Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Иван Тертель қолында Светлана Тихановскаяға қарсы "көзір" болатын видео бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БелТА-ға сілтеме жасап.

"Белгілі бір уақытқа дейін біздің көзіріміз болатын видео бар, өйткені Тихановская көп нәрсені айтпай отыр. Резонанс үшін кураторларға құрбан қажет болды. Светлана Тихановская бұл роль үшін ең жақсы кейіпкер болды және өзі мұны түсінді", - деді Иван Тертель СТВ телеарнасында көрсетілген "Беларусь против цветной революции" ("2020" деректі жобасы) деректі фильмінің төртінші бөлімінде.

МҚК төрағасының айтуынша, Тихановскаяның айналасында әртүрлі адамдар, соның ішінде шет мемлекеттердің арнайы қызметімен байланысы барлар болған. "Ақпарат оған да жетті, кейін ол өз бетінше және ешқандай қысымсыз Беларусьтен кетуді ұйғарды".

"Егер оқиғаларды көрсеңіз, оны түсінуге болады. Алайда мен әлі ашпайтын нәрсе бар: ол белгілі бір уақытқа дейін көзіріміз болады және ол уақыт келеді. Тихановскаяның өзі көп нәрсені айтпай отыр, ол тіпті көрініп тұр. Оны ар-ұяты білсін, бірақ қажет болған жағдайда бізде көрсететін нәрсе бар", - деді шенеунік.

Айта кетейік, 29 шілдеде Беларусь президенттігіне экс-үміткер Светлана Тихановская АҚШ президенті Джо Байденмен кездескен болатын.

"Бүгін таңертең Ақ үйде Светлана Тихановскаямен кездесу мен үшін зор мәртебе болды. Америка Құрама Штаттары Беларусь халқының демократияға ұмтылуын қолдайды", - деп жазды америкалық көшбасшы Twitter-парақшасында.

"Мен Байденді Беларусьті демократияға зорлық-зомбылықсыз көшудің сәтті үлгісін жасауға көмектесуге шақырдым. Мен Ақ үйден миллиондаған Беларусь халқының даусы естілгеніне сенімдімін", - деп жазды Тихановская Telegram-арнасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети