21 маусым 2022 15:38

Бес жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: guinnessworldrecords.com Фото: guinnessworldrecords.com

Бес жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.


Бес жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

UPI басылымының мәліметінше, ұлыбританиялық Белла Джей Дарк бес жасында кітап шығарған. Осылайша әлемдік рекорд орнатып отыр. Ол қыздар арасында өз туындысын шығарып, мыңнан аса данамен сатқан ең жас қаламгер. Бұл көрсеткіш - рекорд ретінде тіркеудің басты шарты.

Кішкентай қыз кітаптағы оқиғаны өз бетінше ойлап тауып қана қоймай, "Жоғалған мысық" деп аталатын кітабына арнап суреттер салған.

"Жолдасым екеуміз оны қатты мақтан тұтамыз. Бұл - жоғалған мысық туралы және оның анасыз жүруге болмайтынын түсінгені туралы оқиға. Менің ойымша, оның мағынасы жақсы", - деді қыздың анасы Челси Сайм.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети