Француздың атышулы Charlie Hebdo сатиралық журналы Париждегі теракт жөнінде карикатура жарияланған жаңа номер шығарды. Сурет журналдың ресми сайтында жарияланды.
Француздың атышулы Charlie Hebdo сатиралық журналы Париждегі теракт жөнінде карикатура жарияланған жаңа номер шығарды. Сурет журналдың ресми сайтында жарияланды.
Карикатураның астында "Француздар қалыпты өмірге оралып жатыр" деп жазылған. Суретте мұрты бар аруақ бейнеленген. Аруақтың қолына багет ұстатып, басына берет кигізіп қойған. Оның париждіктерге ұқсатып салынғаны көрініп тұр.
Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды. Полиция қылмысқа қатысы барлар мен ұйымдастырушыларды іздестіріп жатыр.