19 қазан 2020 08:33

Чехияда коронавирусқа байланысты митингіге шыққандарды суатқышпен қуған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прагада полиция рұқсат етілген митингіге шыққан мыңдаған адамды суатқышпен қуды. Тұрғындар коронавирусқа байланысты елдегі спорттық шаралардың тоқтатылуына наразылық білдірген. Олардың көбі маска тақпай, әлеуметтік қашықтық режимін сақтамаған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Прагада полиция рұқсат етілген митингіге шыққан мыңдаған адамды суатқышпен қуды. Тұрғындар коронавирусқа байланысты елдегі спорттық шаралардың тоқтатылуына наразылық білдірген. Олардың көбі маска тақпай, әлеуметтік қашықтық режимін сақтамаған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Чехияда 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі енгізілген. Сондықтан үлкен шараларға 500 адамнан көп қатыспау керек және олар 20 адамнан топ-топқа бөлінуі тиіс. Праганың орталығында Староместска алаңына жиналған спорт жанкүйерлері екі ережені де бұзған. Сол себепті билік митингіні тоқтату туралы шешім шығарды. 

Митингіге шыққандар полицейлерге жауап ретінде тас, бөтелке және кез келген нәрсені лақтырды.

"Митингіге шыққандар ТЖ режимін бұзды. Қатысушылар саны артып кетті, қашықтық сақтамады және көбі маска тақпады. Сондықтан магистрат митингіні тоқтату туралы шешім шығарды", - деді Прага билігінің өкілі Вит Гофман журналистерге. 

Полиция өкілі Эва Кропачева журналистерге митингіден кейін 16 адам ұсталғанын мәлімдеді. Айтуынша, олардың жанында басқа адамдарға қауіп төндіретін заттар болған. Кейінірек ұсталғандар саны көбейген болуы мүмкін.

Чехия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір ел 100 мың тұрғынға шаққанда жаңа жұқтыру дерегінің өсімі бойынша дүние жүзінде екінші орында (Андоррадан кейін) тұр. Жұма күні 11 105 адам ауырып қалғаны белгілі болды. Келесі аптада тәулігіне 15-20 адам жұқтыруы мүмкін деген болжам бар. Қазір елде COVID-19 жұқтырғандар саны 98,5 мың болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети