01 қазан 2020 08:20

Чехияда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Чехияда коронавирустың таралуына байланысты 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі енгізіледі, - деп хабарлайды rg.ru газеті.


Чехияда коронавирустың таралуына байланысты 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі енгізіледі, - деп хабарлайды rg.ru газеті.

Чехияның денсаулық сақтау министрі Роман Прымула елде 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі басталатынын мәлімдеді. Билік оны 30 күнге енгізуді жоспарлап отыр. 

Дүйсенбіден бастап инфекция көп таралған аймақтарда мектептер екі апта бойы жабық болады. Оның ішінде, Прага мен оған кіретін аудандарда мектептер жабылады.

Қазір Чехияда коронавирус жұқтырған 33,5 мыңға жуық адам емделіп жатыр. Оның 820-сы ауруханада. Дәрігерлер 187 науқастың жағдайы ауыр деп отыр.

Бұған дейін 1 қазаннан бастап Словакияда төтенше жағдай режимі енгізілетіні хабарланды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети