12 мамыр 2021 09:06

ДДСҰ үнді штамның әлемге қаупін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өкілдері коронавирустың Үндістанда тарап жатқан үштік мутация түрі жаһандық деңгейде "алаңдатып отырғанын" мәлімдеді. Бұл туралы ДДСҰ ресми өкілі Мария Ван Керкхове СNBC телеарнасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйым өкілінің сөзінше, Үндістанда тарап жатқан B.1.617 штамы тез жұғады, вирустан қайтыс болатындар көбейіп, вакциналарға төзімді келеді. 

"Сондықтан вирустың бұл түрі жаһандық деңгейде алаңдатып отырғанын айтамыз. Тіпті алдын ала зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша штамның тез жұғатынын көрсеткеніне қарамастан, бізге вирустың бұл түрі туралы көп ақпарат керек", - деді Керкхове. 

ДДСҰ өкілі мутацияланған инфекция вирустың кейінгі түріне (SARS-CoV-2) қарағанда тез тарайтынын атап өтті. 

"Өртеп үлгермей жатыр". Үндістанда тұратын қазақстандықтың әңгімесі

Айта кетейік, 11 мамырдағы кешкі жағдай бойынша, дүние жүзінде вирус жұқтырғандар саны 160 миллионнан асты. Науқастар саны бойынша бірінші орында АҚШ, одан кейін Үндістан және Бразилия. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети